
Фото: olympic.kz
50 келіде 25 боксшы жаһан біріншілігінің жүлдесін сарапқа салады.
Бұл салмақта Санжар Тәшкенбай 1/8 финалда Хузайфа Ешиш (Иордания) - Луис Руни (Ирландия, 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы) жұбының жеңгенімен жұдырық түйістіреді.
55 келіде 39 боксшы бақ сынайды.
Махмұд Сабырхан жарысты 1/16 финалдан Амир Мохаммади (Бельгия) - Ортиз (Мексика) жұбының жеңгенімен бастайды.
60 келі 43 боксшы өзара кім мықтыны анықтайды.
Бейбарыс Жексен 1/16 финалда Лей (Тайпей) - Жунмилардо Огайре (Филиппин) жұбының қай мықтысымен кездеседі.
65 келіде 40 боксшы шаршы алаңға шығады.
Бұл салмақта елімізде спаррингтен Париж олимпиадасының қатысушын жеңген Ертуған Зейнуллин Қазақстан намысын қорғайды. Ертуған әлем біріншілігін 1/16 финалда Хуго Грауға қарсы бастайды. Айта кетейік отандасымыз Астанадағы Әлем Кубогі аясындағы үшінші кезеңінің ширек финалында Хуго Граудан басым түскен болатын.
70 келі 41 боксшы әлем чемпионатына тіркелген. Бұл салмақта жастар сапынан ересектер құрамасына өткен Төрехан Сабырхан
1/16 финалда Яче Юсуф Исламмен айқасады. Ал 1/8 финалда Төрехан Астанадағы Әлем Кубогінің финалисі Хитеш Хитешпен (Үндістан) жолығуы мүмкін.
75 келіде әлем чемпионатына 24 боксшы келген.
Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Павел Илюша (Украина, Азия чемпионатының жартылай финалисі) - Мохаммад Ноурани (Иран) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
80 келіде 36 боксшы шаршы алаңға көтеріледі.
Осы салмақта ел намысын Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 1/16 финалда Матвей Ражба (Украина) - Бен Носа Эхис (Германия) жұбының жеңгенімен жұдырықтасады.
Отандасымыз финалға дейін Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), Робби Гонзалес (АҚШ, әлем чемпионы), Куба спортшысымен жолығуы ықтимал.
85 келіде 24 боксшы жүлдеден үмітті.
Бекзад Нұрдәулетов 1/8 финалда Георгий Кушиташвили (Грузия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) - Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазымен жолығады.
90 келіде 25 боксшы тіркелген.
1/16 финалда Сағындық Тоғамбай Айзек Окоға қарсы бүгін шаршы алаңға шығады. Бәсеке Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.
+90 келіде 30 боксшы бақ сынайды.
Айбек Оралбай 1/8 финалда Илияс (Түркия) - Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңгеніне қарсы жұдырықтасады.
Бокстан жылдың ең беделді бәсекесін SPORT+ арнасы тікелей эфирде көрсетеді.