
Фото: Ашық дереккөз
Қала әкімдігінің хабарлауынша, ойын барысында қонақтардың қолайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында стадион маңындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, қозғалыс «Алау» сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан шектеледі.
Жол қозғалысына қойылатын шектеулер матч басталардан бірнеше сағат бұрын күшіне еніп, ойын аяқталғанға дейін жалғасады. Осыған байланысты жүргізушілерге өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, ықтимал кідірістерді ескерген жөн.