м
Бюджет • 24 Сәуір, 2026
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Осылайша бұл көрсеткіш өткен жылдың қазан айынан бері өзгеріссіз қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Сәуір, 2026
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату режимі үш аптаға дейін ұзартылды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2026
Қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру: Алматы полициясы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады
Алматы қаласының полиция департаменті әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг нәтижесінде беттерін тұмшалаған бірнеше әйелмен бірге қоғамдық орында жүрген ер адамның бейнесі бар видеоны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 24 Сәуір, 2026
Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында есірткіге, алкогольге тәуелділікті және ойынқұмарлықты емдеу мәселелері қаралды. Талқылау комитет жетекшісі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Сәуір, 2026
Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді
«Сергек» камералары енді жол ережесін бұзғандарды ғана емес, қоғамдық орындардағы күдікті жағдайларды да тіркей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Алматыда аялдамада қарт әйелге шабуыл жасаған күдікті жедел ұсталды. Оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде жәбірленушінің қызы жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Ақтау қаласында кезекті жаппай төбелес фактісі тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаланың 20-шағын ауданында бірнеше адам екі жасөспірімге шабуыл жасап, дене жарақатын салған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Сәуір, 2026
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Соңғы бес жылда Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен халықаралық сессияда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Ішкі істер министрлігінің мал ұрлығына қарсы күресті күшейту бағытында жасаған жұмыстарының нәтижесінде сәуірдің екінші онкүндігінде Жамбыл облысының Сарысу ауданында жылқы ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 23 Сәуір, 2026
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Жуырда Петропавл қаласында омыртқаның жарығына тұңғыш рет ота жасалды. Бұрын мұндай оталар біздің елімізде тек Астана, Алматы, Қарағанды және Орал қалаларында ғана жасалатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 23 Сәуір, 2026
RES 2026 халықаралық саммиті: Әуезов университеті ғалымдарының экологиялық жобалары таныстырылды
Астанада бірқатар ел басшыларының қатысуымен өткен Өңірлік экологиялық RES 2026 саммиті аясында жасыл технологиялар көрмесі ұйымдастырылып, онда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары өздерінің бірегей ғылыми жобаларын ұсынды. Ауқымды жиын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және жасыл энергетиканы дамыту мәселелерін талқылауға арналды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Премьер-министрінің орынбасарын I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарын марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Сәуір, 2026
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Елордада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі шымылдығын түрді. 26 сәуірге дейін жалғасатын мәдени шара екі ел арасындағы гуманитарлық және шығармашылық байланысты нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Сәуір, 2026
Орталық Азиядағы өңіраралық ықпалдастық: Жаңа қаржылық тетіктердің мәні
Астана мен Ташкент арасындағы экономикалық байланыс жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Экспортты қолдау құралдарының кеңеюі Орталық Азиядағы ықпалдастыққа тың серпін бермекші, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметінің сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Сәуір, 2026
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында канализацияда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құдыққа түскендерінде электрик пен слесарь қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 23 Сәуір, 2026
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Өңірлік экономикалық саммиттің екінші күнінде Қазақстанның энергетикалық ауысуына арналған «QaJET» елдік инвестициялық платформасын құру жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2026
Шайбалы хоккей: Қазақстанның қыздар құрамасы әлем біріншілігінде үшінші орынды місе тұтты
Шайбалы хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем біріншілігінде бес кездесу өткізіп, екеуінде ғана жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы, CLAAS Group байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 23 Сәуір, 2026
Қазақстанда ветеринарларға қосымша төлемдер енгізілуі мүмкін
Парламент Мәжілісінің отырысында ветеринария мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Құжатта ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Ресей мәдениет саласында қандай жобаларды жүзеге асырмақ?
Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ұлттық музейде «Мәдени дәстүрлерді біріктіру және заманауи шығармашылық тәжірибелер: Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2026
Олжас Сүлейменов Мұхтар Шахановтың қазасына көңіл айтты
Ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту хатын жолдады. Ақынның хатын төменде толық ұсынып отырмыз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2026
Сенатор: 43 мыңнан астам жетім бала баспана ала алмай отыр
Сенат депутаты Андрей Лукиннің айтуынша, елімізде жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Ол заңнамаға өзгеріс енгізіп, жетім балалар үшін баспана алуда басым құқық беруді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2026
10 жылдық мерейтой: National Geographic Qazaqstan үздіктерді марапаттады
Қазақстандағы танымдық және деректі контент ұсынатын маңызды ақпарат көздерінің бірі National Geographic Qazaqstan журналы биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтіп отыр. Айшықты мереке қарсаңында басылым отандық ғылымға еңбегі сіңген ғалымдарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Сәуір, 2026
Айқын, Айдын, Арсен: Түркістанда үшем дүниеге келді
Түркістан қаласында бір отбасының шаңырағын шаттыққа бөлеген ерекше оқиға тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2026
230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген азаматша Грекиядан экстрадицияланды. Операцияны Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Грекиядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Сәуір, 2026
Талғарда тағы да қайғылы жағдай: Бір топ адам 20 жастағы жігітті пышақтап өлтірді
Алматы облысының Талғар ауданында 20 жастағы жігіт қаза тапты. Марқұмның туыстарының айтуынша, қайғылы жағдай мейрамхана маңында болған. Тойдан шыққан бір топ адам жас жігітті қоршап алып, аяусыз соққыға жыққан. Кейін оған бірнеше жерден пышақ жарақаты салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2026
Абай университетінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Бос орындар жәрмеңкесі – 2026» атты ауқымды іс-шара жоғары деңгейде өтті. Жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 250-ге жуық мекеме қатысты. Олардың қатарында мектептер, колледждер, балабақшалар мен білім беру ұйымдары бар. Жұмыс берушілер жәрмеңкеде түрлі бағыттағы 1214 бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 23 Сәуір, 2026
Ақын Серікбай Әбілмәжін дүниеден өтті
Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Әбілмәжін дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар Одағының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Сәуір, 2026
Қызылордалық оқушы Менделеев олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
Мәскеуде өткен химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушы жоғары нәтиже көрсетті. Қызылорда облысындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған №9 лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.