Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасын қабылдады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы, CLAAS Group байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасын қабылдады

Фото: Ақорда

Президент екіжақты байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Басқарма төрағасына алғыс айтып, бірлескен бастамалар мен жобаларды қолдау жалғасатынына сенім білдірді.

Катрина Клаас-Мюльхойзер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын жаңа Конституция қабылдау бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесті

Әңгімелесу барысында сауда, инвестиция, өнеркәсіп бағыттарындағы ықпалдастықтың мүмкіндіктері мол екеніне назар аударылды.

Екі елдің энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, логистика және су ресурстарын басқару сияқты салалардағы өзара кооперациясын күшейтуге мән берілді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Катрина Клаас-Мюльхойзер алдағы уақытта өтетін С5+Германия форматындағы диалогтың күн тәртібін талқылап, сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге уағдаласты.

Президент Electricité de France компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Соңғы жаңалықтар