Отаны 48 жастағы Елена Колосоваға нейрохирург Балқар Шатуев жасады.
«Біздің қаламыз осындай күрделі ота жасай алатын Қазақстандағы бесінші қала болып отыр. Алдағы уақытта ол жүйелі жұмысымызға айналады», дейді ол.
Алматыда омыртқа жұлыны кеселімен туған екі балаға күрделі ота жасалды
Қазір пациенттің жағдайы жақсы.
«Маған МӘМС-тің арқасында ғана осындай қымбат ота жасауға мүмкіндік туды. Бұрын менің арқам ауыра беріп, жанымды қоярға жер татырмайтын. Қазір еш жерім ауырмайды», дейді пациент.
Ота медициналық жоғары технологиялы жабдықтармен облыстық көпбейінді ауруханада жасалды.