Қоғам • Бүгін, 16:01

230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген азаматша Грекиядан экстрадицияланды. Операцияны Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Грекиядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2021 жылы Алматы қаласындағы тасымалдау компаниясында бухгалтер болып жұмыс істей отырып, басшысынан 230 мың АҚШ долларын банктік сейфте сақтау сылтауымен алып, иемденіп кеткен.

Қылмыстан кейін ол бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылдың маусымында күдікті Грекия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде елге қайтарылды.

Абай облысында шаруа қожалығы басшысы 211 млн теңге жымқырған

Қазақстан мен Грекия арасында тікелей әуе рейстерінің болмауына байланысты экстрадиция Сербия аумағы арқылы транзитпен жүзеге асырылды. Бұл іске Қазақстанның Сербиядағы елшілігі де қолдау көрсеткен.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған

Аталған қылмыс бойынша оған мүлкін тәркілеумен қатар, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейін айыру және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар