Білім • Бүгін, 13:44

Қызылордалық оқушы Менделеев олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде өткен химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушы жоғары нәтиже көрсетті. Қызылорда облысындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған №9 лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалық оқушы Менделеев олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

фото: gov.kz

Бұл – химия пәні бойынша әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірі саналатын байқаудың 60-шы, мерейтойлық кезеңі. Биыл жарысқа 37 елден 200-ге жуық оқушы қатысты.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

500 команда білім жарыстырды

Бұл жетістік еліміздегі жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасының артып келе жатқанын және дарынды жастардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді.

Қазақстанда халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңгеге дейін төленеді

Соңғы жаңалықтар