Қоғам • Бүгін, 17:40

Сенатор: 43 мыңнан астам жетім бала баспана ала алмай отыр

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Андрей Лукиннің айтуынша, елімізде жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Ол заңнамаға өзгеріс енгізіп, жетім балалар үшін баспана алуда басым құқық беруді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор: 43 мыңнан астам жетім бала баспана ала алмай отыр

Сенатордың дерегінше, бүгінде тұрғын үй кезегінде шамамен 61 мың жетім бала тіркелген. Олардың 43 мыңнан астамы кәмелет жасына жеткенімен, баспана ала алмай отыр. Ал алдағы жылдары бұл кезектің айтарлықтай қысқаруы күтілмейді.

Ең көп кезекте тұрғандар Алматы облысында (шамамен 7,2 мың адам), Шығыс Қазақстан облысында (6,4 мың), Қарағанды облысында (5,9 мың), Қостанай облысында (5,7 мың) және Ақтөбе облысында (3 мыңға жуық) тіркелген.

Базадағы қателік: Абай облысында жетім баланы баспанасыз қалдырды

Сенатордың айтуынша, соңғы жылдары берілген 60 мыңға жуық тұрғын үйдің тек 7 мыңы ғана жетім балаларға бөлінген, бұл жалпы көлемнің 11,8 пайызын ғана құрайды.

Сонымен қатар, кейбір күрделі мәселелер де бар. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған жетім балалардың кезекте болуына байланысты ересек түлектер баспана ала алмай жатады. Ал кәмелетке толмағандар жас ерекшелігіне байланысты тұрғын үй құқығын пайдалана алмайды. Нәтижесінде, кейбір жағдайларда тұрғын үйлер басқа санаттағы азаматтарға беріліп жатады.

Сондай-ақ өңірлерде заңсыз тұру жағдайлары, ақпараттық жүйелердегі деректердің жоғалуы сияқты олқылықтар да анықталған.

Сенатордың пікірінше, бұл мәселелер жергілікті атқарушы органдардың бақылауының әлсіздігін және тұрғын үй саясатының жеткілікті деңгейде орындалмай отырғанын көрсетеді.

Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Осыған байланысты ол жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету бойынша нақты көрсеткіштері бар кешенді жол картасын әзірлеуді, сондай-ақ тұрғын үй бөлудің ашықтығын арттыру үшін цифрлық жүйелерді (Smart Data Ukimet, kezekte.kz және басқа платформалар) күшейтуді ұсынды.

Сонымен бірге Андрей Лукин жетім балалардың тұрғын үй алу құқығын заңмен бекітіп, оларға басымдық беруді ұсынды. Бұл бастаманы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту, Әділет министрліктері бірлесіп қарастыруы қажет екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар