Қоғам • Бүгін, 10:57

Қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру: Алматы полициясы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының полиция департаменті әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг нәтижесінде беттерін тұмшалаған бірнеше әйелмен бірге қоғамдық орында жүрген ер адамның бейнесі бар видеоны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру: Алматы полициясы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: Ашық дереккөз

Тексеру барысында бұл бейнежазба коммерциялық мақсатта түсірілген қойылым екені белгілі болды.

Сонымен бірге кейбір қатысушылардың әрекеттерінен Қазақстан заңнамасына сәйкес, қоғамдық жерде тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім элементтерін киюге байланысты әкімшілік құқықбұзушылық белгілері анықталған.

Алматыда аялдамада зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды

Жиналған материалдар қаралып, құқық бұзушыларға әкімшілік шара ретінде ескерту жасалды. Сондай-ақ олармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Алматы қаласының полиция департаменті қоғамдық орындарда жүрген азаматтар, түсірілім мақсатына қарамастан, заң талаптарын сақтауы тиіс екенін еске салды.

Соңғы жаңалықтар