Ақ
Туризм • 18 Маусым, 2025
Биыл туризм саласына қанша инвестиция тартылады
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысында туризм, спорт және су ресурстары салаларындағы қазіргі даму мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 18 Маусым, 2025
Шегірткелерге қарсы шаралар жалғасып жатыр
Сала министрлігінің мәліметінше бүгінде ауыл шаруашылығы алқаптарының 2 миллион гектары өңделген. Зиянкестермен күрес шараларына 443 арнайы бүріккіш техника, соның ішінде 49 дрон жұмылдырылған. Зерттеу жұмыстарын 3,5 мыңнан астам адам жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Елімізде балаларды балабақшамен қамту деңгейі артты
Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласын жетілдіру мақсатында ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі. Жаңа тетік ата-аналарға балабақшаны еркін таңдауға мүмкіндік беріп, қаржыландыру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Жоба бүгінде бірнеше қала мен ауданда іске қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Маусым, 2025
Қазақстан ХҚДБ-дан 42 млрд теңге қарыз алады
Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен (ХҚДБ) 42 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қарыз алады. Бұл қаражат Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасына бағытталады. Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын ратификациялап, Сенаттың қарауына жіберуге қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 18 Маусым, 2025
37 млрд теңгеден астам қаржы иелерін күтіп жатыр
Ағымдағы жылдың маусымындағы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 37,3 млрд теңгені құрады. Қаражат 264 695 жеке зейнетақы шотында сақталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Маусым, 2025
Қазақстан құрамасы садақ атудан қола жүлдегер атанды
Сингапурда садақ атудан Азия кубогі кезеңі жалғасып жатыр, әйелдер командалары арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін сайыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Қазақстанда көші-қон оң динамикаға ие болды – сарапшы
Қазақстанда соңғы онжылдықта халық саны 2,8 миллион адамға артты. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Шынар Төлешова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Министр жеке деректердің таралуына қатысты түсініктеме берді
Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 16 миллионнан астам азаматтың жеке деректерінің желіге таралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Маусым, 2025
Ақмола облысында 9 жайлы мектеп пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім беру сапасын арттыру табысты ұлт қалыптастырудың негізгі алғышарты екенін ерекше атап өтті. Бұл бағытта Ақмола облысында білім беру саласындағы реформалар жүйелі түрде жүзеге асуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2025
Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тікұшақпен толықты
Министрлік тарапынан берілген Ми-8АМТ маркалы құтқару тікұшағы департамент балансына ресми түрде тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 18 Маусым, 2025
Жыл басынан бері ел азаматтарына қанша зейнетақы төленді
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 745,9 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 564,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 181,2 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 17 Маусым, 2025
Астанада Орталық Азия мен Қытайдың зияткерлік меншік саласындағы ведомство басшылары бас қосты
Астанада Орталық Азия елдері мен Қытайдың зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті ведомстволары басшыларының екінші кездесуі өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ботагөз Жақселекова төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 17 Маусым, 2025
Ақтөбе облысында карбамид зауыты салынады
Ақтөбе облысында жобалық құны $ 1,2 млрд құрайтын карбамид зауыты салынатын болды. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің жұмыс сапары аясында «Қытай-Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық форумында ҚР Энергетика министрлігі, Ақтөбе облысының әкімдігі, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында жасалған келісім барысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Маусым, 2025
Шығыстың мергені бірінші орынды еншіледі
Орал қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан республикалық чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысының құрама командасынан 10 спортшы қатысып, әйелдер арасынан жерлесіміз Ажар Төлеуханова бірінші орынды еншіледі. Жарыста жалпы саны 260 спортшы бақтарын сынаған, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 17 Маусым, 2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында елімізде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2 001 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
16 миллионнан астам азаматтың құпиясы кімнің қолында
Цифрлы технологиялар дәуірінде азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздікпен тең мәселе. Алайда 16 маусымда Telegram желісіндегі SecuriXy.kz арнасы жария еткен дерек қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды. Арна таратқан мәліметке сүйенсек, 16,3 миллион қазақстандықтың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні, телефон нөмірі мен тұрғылықты мекенжайы секілді құпия ақпараттар ашық желіге тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты
Ақмола облысында бір ауылдық округке қарасты екі ауыл алкогольден бас тартты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Маусым, 2025
Өңдеу өнеркәсібі – Қазақстанның шынайы әлеуеті
Экономист Айбар Олжаев Қазақстанның соңғы 30 жылдағы экономикалық даму бағытын саралай келе, елдің шын мәнінде қандай салаларда табысқа жете алатынын және қандай бағыттардың әлі де арман күйінде қалғанын айтты. Тек соңғы жылдары ғана мемлекет өз мүмкіндігін нақты бағалап, өңдеу өнеркәсібін басты бағытқа айналдыра бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандықтар аталды
Қазақстанда еңбек нарығындағы сұраныс артып келеді. 2025 жылы ел экономикасына 239 мыңнан астам жаңа маман қажет болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Маусым, 2025
Садақ атудан ел чемпионаты мәресіне жетті
Шымкент қаласында дәстүрлі садақ атудан өткен ересектер арасындағы ҚР чемпионатының финалында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мергендер арасында үздіктер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының мәліметіне сілтеме жасап.
Әскер • 17 Маусым, 2025
Ақтауда «Каспий самалы-2025» әскери жаттығуы басталды
Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы-2025» бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Ақсу ферроқорытпа зауытына айыппұл салынды
Ақсу ферроқорытпа зауыты экологиялық заңбұзушылықтар үшін 850 миллион теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Ақтөбе медициналық орталығының мамандары 30 мамыр күні Расул мен Полина Саматовтардың отбасында Амир, Амин және Айшаның дүниеге келуіне себепкер болды. Үш сәби қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Араб әмірлігінен 300-ден астам қазақстандық қайта алмай отыр
Иран мен Израиль арасындағы әскери қақтығыс салдарынан шамамен 300-ге жуық қазақстандық азаматтың Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) Қазақстанға ұшу рейстері кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Мектеп • 17 Маусым, 2025
Елімізде 200-ден астам жаңа мектеп салынады
2025-2026 оқу жылында 300 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 200-ден астам жаңа мектеп (жартысына жуығы ауылдарда орналасады) салу жоспарға алынған. Соның ішінде 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Қазақстанға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров келді
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Маусым, 2025
2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің жалпы саны 6,3 миллионға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Маусым, 2025
Қазақстан құс тұмауынан ада ел мәртебесін алды
Жануарларды қорғаудың дүниежүзілік ұйымы (ЖҚДҰ) Қазақстанның жоғары патогенді құс тұмауынан ада ел мәртебесіне ие екендігі жөніндегі өзіндік декларациясын ресми түрде мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба • 16 Маусым, 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялайды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 16 Маусым, 2025
Қазақстанда көмір химия зауыты салынады
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қытайдың Shandong Energy Group Co. компаниясының басқарма төрағасы Ли Вэймен кездесу өткізді. Басқосуда энергетика саласындағы стратегиялық әріптестік мәселелері, соның ішінде Қазақстанда көмір химия зауытын салу жөніндегі бірлескен жоба кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.