Қоғам • Бүгін, 11:45

Жер үйлерді сақтандыру міндеттеледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Жер үйлерді сақтандыру міндеттеледі

Фото: Ru.freepik.com

Бозымбаевтың айтуынша, қазіргі таңда жер үйлерді сақтандыру жүйесіне байланысты шаралар халықаралық банктермен бірге талқыланып жатыр.

Төлемді жылына 1 рет жүргізу жоспарланған. Ал оның көлемі үй сапасына қарай нақтыланады.

Жер үйлерді сақтандыру жер сілкінісі, су тасқыны, өрт болған жағдайларда тығырықтан шығу кезінде маңызды болмақ.

Бұл төлем жер сілкінісі жиі болатын оңтүстік және шығыстағы ауыл үйлері үшін міндеттеледі.

Айта кетейік, қазір баспананы сақтандырудың ерікті түрі ғана бар. Ерікті сақтандырудың өзі ипотека үшін ғана белгіленген. Ал ресми дерекке сүйенсек, ел аумағының 75%-ы жер сілкінісі, тасқын, орман өрті сияқты табиғи апаттар қаупі жоғары аймаққа жатады. 2024 жылы төтенше жағдайлардан келген шығын 460 млрд теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өскен.