
Оқиға 28 шілде күні болған. Әйелдің айтуынша, тәрбиеші оған қоңырау шалып, қызының баспалдақтан тайып құлап кеткенін айтқан.
«Маған баламның басы ауырып тұрғанын айтып, дәрігерге көрсету керек деді. Жолдасым бірінші болып барды, мен кейінірек жеттім. Барғанымызда жанжал шықты, бірақ түсініктеме берудің орнына қызметкерлер ақталып, сөз таластыра бастады», дейді анасы.
Оның айтуынша, ата-аналар бейнебақылау камерасындағы жазбаларды көрсетуін сұрағанда, оларға «камералар өшірілген, монитор істемейді» деп жауап берген. Осы сәтте қыз бала өзін жайсыз сезіне бастаған. Ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырған. Ауруханада рентген мен КТ жасалып, бастың сүйектері бүтін екені анықталған, бірақ дәрігерлер жабық бас-ми жарақатын және ми шайқалуын диагноз ретінде қойған. Кейінірек екі қолында да сынықтар анықталған.
«Мен ауруханада өтініш жаздым. Біз неге бейнебақылау камералары жұмыс істемей тұрғанын және барлық болған оқиғаға кім жауап беретінін туралы түсініктеме талап етеміз», дейді анасы.
Полиция аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.