
БАҚ тарапынан қойылған сауалға Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жауап берді. Вице- премьердің айтуынша тікұшақ бөлшектері табылған Сорбұлақ көлінің 50 пайыз аумағында іздеу жұмыстары аяқталған.
«Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің тереңдігі 5-25 метрді құрайды. Көл түбі балшық, сондықтан алдағы 1 метр ғана көрінеді. Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін барлық құралдар жеткілікті. Іздеу жұмыстары министрдің бақылауында», деді Кеген Тұрсынбаев.
Айта кетейік, төтенше оқиға болған күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған болатын. Іздеу жұмыстары басталғалы 10 күн өтсе де тікұшақ пен экипаж мүшелері табылған жоқ. Жұмыс барысында эхолот, дрон және суасты құрылғылары қолданылып жатыр.