Қоғам • Бүгін, 09:52

Қазақстанда кәсіби мерекелер тізімі жаңартылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды. Тиісті түзетулерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда кәсіби мерекелер тізімі жаңартылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізілді.

Жаңартылған тізімге бес жаңа кәсіби мереке кіреді:

  • Қазақстан қолөнершілер күні – 7 шілде;
  • Табиғи монополия қызметкерлерінің күні – 9 шілде;
  • Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күні – 15 қыркүйек;
  • Қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің күні – 20 қазан;
  • Қазақстанның Кәсіпкерлер күні – 29 қазан.

Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, энергетиктер күнін мерекелеу күні 22 желтоқсанға ауыстырылды.