Салық • 05 Тамыз, 2025

АҚШ-тың екінші салығына ілікпейміз - министр

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан АҚШ тарапынан ешқандай қосымша санкция немесе баж салығына ілікпейді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

АҚШ-тың екінші салығына ілікпейміз  - министр

Министрдің айтуынша, еліміз өз халықаралық міндеттемелерін бұзбайды.

«Біз ешқандай ережені бұзып отырған жоқпыз, сондықтан мұндай санкцияларға ілікпейміз деген ойдамыз Қатаң бақылау, соның ішінде экспорттық бақылау саласындағы тексерістер тұрақты түрде жүріп жатыр», деді Арман Шаққалиев.

Оның сөзінше, қазір АҚШ тарапы Ресеймен сауда қатынасы бар елдерге 25%-дық баж салығын енгізу мәселесін көтеріп отыр. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 100%-дық баж салығын енгізу туралы айтқан болатын, бірақ бұл әлі нақты шара ретінде қарастырылып жатқан жоқ.

Министр Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық, сауда бағытында консультациялар жалғасып жатқанын да атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10