рт
Спорт • 10 Мамыр, 2025
Елдос Сметов жоғары лауазымды қызметке ұсынылды
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясындағы (IJF) мансабын бастауы мүмкін, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Спорт • 10 Мамыр, 2025
Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі салтанатты түрде басталды. Таңғы шапақпен бірге Бақанас бағытындағы кең далада Ұлы даланың рухын, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық бірегейлікті дәріптейтін ауқымды этноспорттық шара өз жалауын көтерді.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Норвегияда қазақстандық жауынгерге арналған мемориал ашылды
Солтүстік Норвегияның Лофотен аралдарындағы Вествогёй коммунасында 1945 жылы наурызда Остад ауылындағы нацистік лагерьден қашу әрекеті кезінде қаза тапқан үш кеңес сарбаздарының құрметіне арналған мемориалдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы жауынгерлердің бірі Қостанай облысының тумасы Иван Поворознюк болды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Түркістан облысында батыр қыздарға арналған ескерткіш ашылды
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай қазақтың үш батыр қызы Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспановаға арналған еңселі ескерткіш ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Алматы облысында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш ашылды
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Алматы облысы Райымбек ауданында Ұлы Отан соғысына қатысып, ел тәуелсіздігі мен бейбіт болашағы үшін күрескен батыр ардагерлер есерткіші қайта жаңартылып, ашылу салтанаты болды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2025
Президент Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Алматының сегіз ауданында соғыс ардагерлерінің аллеясы ашылды
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» жалпы қалалық науқан аясында ұйымдастырылған шара 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті. Оған шаһар басшысы Ерболат Досаев соғыс ардагерлері мен олардың отбасы мүшелері, қоғам өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2025
Оралдық ардагер параспортшы 80 шақырымды жаяу жүріп өтті
Ардагер параспортшы Құбайдолла Хасанов Ұлы Жеңістің құрметіне орай 80 шақырымдық жаяу жүрісті сәтті аяқтады деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2025
«Жедел жәрдем» қызметі жүйелене ме
Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық қызметті ұзақ күтуге қатысты шағымдардың көбейгенін ескеріп, оның жұмысын жүйелеу үшін өзгерістер енгізді. 1 мамырдан күшіне енген жұмыс тәртібіне сай емханалардың жанындағы мобильдік бригадалар 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 4-санаттағы шақыртуға мамандар 60 минут ішінде жетуі тиіс. Жеделдіктің 4-санатындағы шақырту дегеніміз не? Бұл санатқа қандай науқастар жатады? Салалық министрлік редакция жолдаған сауалдарға ресми жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Мамыр, 2025
Астанада тректегі велоспорттан халықаралық турнир өтеді
2025 жылдың 16-18 мамыр аралығында Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегі базасында тректегі велоспорттан ірі халықаралық Silk Way Series Astana 2025 турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады
Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Майданға 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанған
1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1 миллион 200 мыңнан аса отандасымыз қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Отан қорғау жолында опат болғандарға тағзым етеміз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қазақстандықтарды құттықтап, халқымыздың екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жанқияр ерлігі мен еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Ұлы Жеңіс – халқымыздың жауынгерлік рухының символы - Президент
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадта сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Мамыр, 2025
Шымкентте мерекелік концерт өтті
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Шымкентегі «Қызғалдақ сарайында» өткен «Егемен елдің қорғаны» атты мерекелік концерт ту көтеру рәсімімен басталды. Еліміздің әнұраны шырқалып, патриоттық әндер орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 06 Мамыр, 2025
Швеция мен Қазақстан өнеркәсіптік әріптестікті нығайтып жатыр
Бүгін қазақстандық делегацияның Швеция Корольдігіне ресми сапары аясында Стокгольм қаласында «Инновациялар мен тұрақты дамуға жәрдемдесу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мереке • 06 Мамыр, 2025
Абай университетінде Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым» ескерткіш тас белгісі орнатылды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» ескерткіш тас белгісінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Университет • 06 Мамыр, 2025
Абай университетінде «Ерлікке тағзым» белгі тасы орнатылды
2025 жылдың 6 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» ескерткіш белгісінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Мамыр, 2025
Пара үстел теннисшілері үш медаль иеленді
Черногорияның Подгорица қаласында пара үстел теннисінен World Para Challenger Podgorica 2025 әлемдік сериясы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Мамыр, 2025
Еліміздегі ең танымал 10 спорт түрі анықталды
Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең танымал бұқаралық және өзге де спорт түрлерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Мамыр, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері
Апталық шолу ақпаратты сала министрлігі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Мамыр, 2025
Олимпиада және Еуропа чемпиондары Түркістанда өнер көрсетті
Түркістанда қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Әлемдік деңгейдегі кәсіпқой спортшылардың қатысуымен «Мұз сарайында» өткен шоу – сол жобалардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыстады
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сардарлар мен сарбаздарды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Мамыр, 2025
Ұлттық мектеп лигасының финалы басталды
Ұлттық мектеп лигасы – Қазақстандағы балалар арасындағы ең ірі спорттық жоба. Бүгін Астанада 7–8 сынып оқушыларына арналған осы жобаның республикалық финалы басталды. Қорытынды кезеңге іріктеу кезеңінен үздік шыққан 5000-нан астам оқушы қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 04 Мамыр, 2025
Бауыржан Момышұлының алып портреті рекордтар кітабына енді
Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Астана Арена» стадионында батырдың алып портреті жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2025
Елімізде 20 жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға беріледі
Бұл игілікті іс ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бастамасымен жүзеге асады. Заманауи көпфункционалды нысандар өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің жұмысын жеңілдетіп, жеделдігін арттырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Мамыр, 2025
Биыл үш мыңға жуық жас маманға тұрғын үй беріледі
Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2,8 мың жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының 2003-2007 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде шешімін табады. Ауылдық жерге жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 25 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 04 Мамыр, 2025
Көкшетауда 90 жұмыссыз жаңа мамандық алады
Жұмысшы мамандықтар жылына орай мемлекет жұмыспен қамту шараларын мейлінше күшейтіп, жұмыссыздарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып жатыр. Соның бірі қысқа мерзімді курстарды оқып, небары жарты жылдың ішінде сұранысқа ие маман иесі атануға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2025
БҚО-да 15 бала өрт шыққан үйден құтқарылды
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Батыс Қазақстан облысының орталығындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Мамыр, 2025
«Қазгидромет» РМК 4 мамырға арналған ауа-райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.