Экономика • Бүгін, 09:17

Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Фото: kaz.zakon.kz

Бұл қарқын алғашқы бес айға қарағанда 0,2%-ға жоғары және кейінгі 14 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші болып тіркелген. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 3,2 пайызға көп. 

Экономиканың нақты секторы  +8 пайызға, қызмет көрсету саласында  5,2 пайызға оң нәтиже тіркелген. Сондай-ақ, көлік (+22,7%) және құрылыс (+18,4%) салалары да экономиканың өсуіне айтарлықтай үлес қосқан. Саудада жандану және тау-кен өнеркәсібінде тұрақты өсім байқалып отыр (+8,4%).Өңдеу секторы 5,5%-ға, ал ауыл шаруашылығы 3,7%-ға артқан. 

Инвестиция игілігі де ел экономикасының өрлеуіне оң сеп болып отыр. Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестициялар 19,3%-ға өскен. Нәтижелі көрсеткіштер болашақ экономикасын қалыптастыратын салаларда: білім беру 3,5 есеге, қаржы және сақтандыру қызметі – 86,2%-ға, өңдеу өнеркәсібі - 48,9%-ға, денсаулық сақтау - 32,8%-ға және көлік - 16,2%-ға артқан.

Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша сыртқы сауда тауар айналымы $53,5 млрд-ты құраған. Экспорт $29,8 млрд-қа жеткен. Бұл ретте өңделген тауарларды шетелге сату үлесі $10,2 млрд-ты, импорт 2,2%-ға артып, $23,8 млрд-ты құраған.

 Айта кетейік, Қазақстан экономикасы жылдың алғашқы 4 айында 6 пайыз өсім көрсеткен болатын.