Қоғам • Бүгін, 17:30

Халықаралық жүргізуші куәлігін қалай алуға болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық жүргізуші куәлігі (ХЖК) – жүргізушінің шетелде көлік құралын басқару құқығын растайтын құжат. Аталған құжат 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы Вена конвенциясына қол қойған 180-нен астам елде мойындалады, деп хабарлайды Egemen.kz

Халықаралық жүргізуші куәлігін қалай алуға болады

Фото: almaty_police_department

Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының процессинг орталығының бастығы Айдын Меркімбаевтың түсіндіруінше, ҚР-ның «Ішкі істер органдары туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, жүргізуші куәліктерін, оның ішінде халықаралық куәліктерді беру ішкі істер органдарының айрықша құзыретіне жатады. Бүгінде Қазақстан Республикасында халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді.

ХЖК ұлттық жүргізуші куәлігінің орнын баспайды, тек оның ресми аудармасы болып табылады. Аталған құжат – шетелде автокөлікті жалға алу, жеке көлікпен шекарадан өту, жолдағы тексеру барысында құжаттарды көрсету, шетелде сақтандыру рәсімдеу секілді кездерде қажет болуы мүмкін.

Халықаралық жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру немесе оқудан өту талап етілмейді.

Азаматтардың күмәнді онлайн-сайттар немесе жеке фирмалар арқылы куәлік рәсімдеуге берген өтініштері заңды күшке ие емес.

«Алматы қалалық полиция Департаменті, азаматтарға халықаралық жүргізуші куәлігін беруге құқығы жоқ жеке ұйымдарға, туристік агенттіктерге және басқа да құрылымдарға жүгінуге болмайтынын ескертеді және азаматтарды сақ болуға және алаяқ делдалдардың арбауына түспеуге шақырады. Күмән туындаған жағдайда азаматтарға аумақтық ішкі істер органдарына жүгініп, толық ақпарат алуға кеңес беріледі», делінген хабарламада.