
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Дүбірлі додада 8 500-ден астам қатысушы спорттың 18 түрінен 234 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Халықаралық университеттік спорт федерациясының (FISU) бастамасымен ұйымдастырылатын ірі халықаралық жарысқа биыл Қазақстаннан 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы қатысады, бұған қоса, ұлттық құрама сапында 18 жаттықтырушы мен 6 ресми өкіл бар.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше Қазақстан студенттік Универсиадаға 1993 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. 2023 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ жазғы Универсиада да Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Ал, ең жоғары нәтиже 2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиадада тіркелді. Мұнда спортшылар 30 медаль еншілеген.