аз
Қоғам • 25 Сәуір, 2025
Мемлекеттік кеңесші: «Билік қазақ тіліне қиянат жасады» деу – бос әңгіме
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин желідегі парақшасында қоғамда талқыға түскен қазақ тіліне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райы • 25 Сәуір, 2025
Жел, жаңбыр, бұршақ: Астана мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 26 сәуірде Астана мен 17 облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Өшпес даңқ • 25 Сәуір, 2025
Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қорғаныс министрлігіне қарасты Жамбыл аудандық пайдалану бөлімінің (Жамбыл АПБ) әскери қызметшілері Тараз қаласында тұратын екінші дүниежүзілік соғысының ардагері тұратын үйдің кіреберіс қасбетін ретке келтірді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Сәуір, 2025
Нұрәділ Әлжан Азия чемпионатында бесінші орын алды
Таиланд астанасы Бангкок қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған дзюдошы Нұрәділ Әлжан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шықты, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 25 Сәуір, 2025
Елімізде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру тоқтатылады
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz тиісті министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе қатынасы кеңейеді
1 маусымнан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңа «Air Arabia Abu Dhabi» әуе компаниясы Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына ресми түрде кіреді. Бұл компания Абу-Даби мен Алматы қалалары арасында тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы өндірілді
Ақтаудағы «Caspi Bitum» БК» ЖШС-да (ҚазМұнайГаз ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) жаңғырту жобасы аясында алғашқы маңызды нәтижеге қол жеткізілді. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жаңғырту жұмыстары шеңберінде 740 тонна жол битумының бірінші партиясы өндіріліп, сапа паспорты алынды. Бұл жаңартылған өндірістік қуаттардың жұмысқа толық дайындығын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Қазақ тілін насихаттау өмірлік миссияма айналды - Алла Гаврина
Ассамблея жанындағы жастар қозғалысына биыл – 10 жыл. Осы онжылдық ішінде түрлі этнос өкілдері бірігіп, ел бірлігінің тірегіне айналған жастар ұйымы еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің белсенді қозғаушы күшіне айналды. Бұл туралы Ассамблея жастары қозғалысының белсенді мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубы төрағасының орынбасары, РОО «Ассамблея жастары» президиумының мүшесі Алла Гаврина айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Сәуір, 2025
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзі (толық мәтіні)
Бүгін, 24 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» • 24 Сәуір, 2025
«Таза Қазақстан»: 10 мың түп шренк шыршасы егілді
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Кеген ауданындағы елдімекендерде тазалық, көгалдандыру, ағаш егу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 24 Сәуір, 2025
Ассамблея мүшелері мемлекеттік наградамен марапатталды
ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Президент Жарлығымен халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Ассамблея аймақтардағы жұмысты жандандыруы керек - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөз сөйлеп, елдегі этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 24 Сәуір, 2025
Елордада Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті
Астана орталық мешітінде қазақтың көрнекті қайраткері, жазушы Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті. Оған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айту хатын оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Заңнамадағы жаңашылдық - инклюзивті болашаққа жасалған қадам
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған құқықтық негізді терең жаңғыртуды көздейтін заңнамалық бастамалардың кешені әзірленді. Ұсынылған шаралар білім беру мен тұрғын үй саясаты, әлеуметтік қорғау, көлік және мәдениет сияқты қоғамдық өмірдің негізгі салаларын қамтиды. Бұл өзгерістердің әрқайсысы – инклюзивті болашаққа жасалған қадам. Мұнда әрбір азамат өзін маңызды әрі қоғамның бір бөлігі ретінде сезінеді, ал қоғамдық өмірге қатысу – ерекше жағдай емес, заңды құқық ретінде танылады.
Президент • 24 Сәуір, 2025
Ассамблея мүшелері елдік бастамаларға үлес қосып келеді – Президент
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының» ХХХІV сессиясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 24 Сәуір, 2025
Алатаудың етегін тең жайлаған қазақ пен қырғыздың түп тамыры мен тарихы, мәдениеті де бір-бірінен алыс емес. Ал осы екі халықтың әдебиетін биікке көтерген тұлғалар да өзара сыйласып, дос-жар болып, шығармашылық байланыстың жоғары деңгейін көрсетті. Бұл сөзімізге Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовтың салған дара жолы дәлел бола алады.
Әдебиет • 24 Сәуір, 2025
Республикалық «Ұлттық кітап» байқауы жеңімпаздары марапатталды
23 сәуірде елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлттық кітап күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, белгілі ақын-жазушылар, Мемлекеттік сыйлық иегерлері, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, баспасөз саласының өкілдері, облыстық кітапханалардың басшылары және шығармашылық зиялы қауым қатысты. Іс-шара аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған «Ұлттық кітап» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 23 Сәуір, 2025
Күшті жел тұрып, үсік жүреді: еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
24 сәуір күні Қазақстанның 16 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Спорт • 23 Сәуір, 2025
Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне сыйақы беріледі
Қазақстан Республикасы Үкіметі Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Сәуір, 2025
Үкіметте «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысы өтті
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың өндірістік және қаржылық көрсеткіштер туралы есебі тыңдалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Абай Эндаумент қоры - ұлтымыздың болашағына жасалған инвестиция
Абай атындағы ҚазҰПУ - отандық педагогикалық білім мен ғылымның бастауында тұрған еліміздің тұңғыш жоғары оқу орны. Университет өзінің ғасырға жуық тарихында мыңдаған мұғалімдер мен ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлап, Қазақстанның зияткерлік әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді. Білім ордамыз бүгінде сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастырып, еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшін бастаған «Ұстаздар ұстаханасына» айналды.
Қылмыс • 23 Сәуір, 2025
Қызбен танысам деп бопсаға ұшырады
Орал қаласында бопсалаумен айналысқан бір топ адам ұсталды. Бес күдіктінің төртеуі – колледж студенттері, деп хабарлайды Egemen.kz Батыс Қазақстан облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 23 Сәуір, 2025
Экологиялық платформаға 16 мыңнан астам өтінім түскен
Былтыр маусым айында Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған орта жағдайына қоғамдық бақылауды арттыру және азаматтарды экологиялық проблемаларды шешуге қатыстыру мақсатында @TazaQazBot телеграм-чат-ботын іске қосқан болатын. Содан бері платформаға 16 мыңнан астам өтінім түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 23 Сәуір, 2025
Қазақстанда газға қосылу процесі жеңілдейді
Елімізде азаматтарға газға қосылу процесін жеңілдетіп, өтінім беруді жылдам әрі дәл орындауға көмектесетін ақылды көмекші — жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Қаныш Төлеушин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Сәуір, 2025
Бүгін елімізде алғаш рет кітап күні атап өтіледі
Бүгін, 23 сәуірде Қазақстанда алғаш рет маңызды мәдени мереке - Ұлттық кітап күні ресми түрде мерекеленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Сәуір, 2025
Аударыспақтан IV Азия чемпионаты мәресіне жетті
Дүбірлі дода Алматы облысы Талғар ауданындағы «Almaty Horse and Polo Club» ат спорты клубында өтті. Жарысқа жеті мемлекеттен – Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Мажарстан, Қытай мен Өзбекстаннан 18 және одан жоғары жастағы спортшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2025
Бүгін - Әскери полиция қызметі күні
1997 жылы 22 сәуірде Президент Жарлығымен әскери полиция қызметі құрылып, содан бері бұл күн ресми түрде аталып өтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Сәуір, 2025
Ақтөбеде үлескерлерді алдаған кооператив төрағасы сотталды
Ақтөбе қаласының №2 соты үлескерлерді алдау жолымен 421 млн 955 мың теңге жымқырған «Тұрғын үй-құрылыс» кооперативінің төрағасын алты жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2025
Қазақ-ауған тараптары ынтымақтастықты арттыруға ниетті
Кабулға сапары барысында Қазақстан делегациясының басшысы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан халқынан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмектің екінші жартысын ауған тарапына тапсырды, сондай-ақ сол елдің Премьер-министрінің орынбасары Абдул Ғани Барадармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Сәуір, 2025
Газ саласындағы серіктестік нығаяды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен өткен бейресми кездесуде шетелдік серіктестермен бірге Галкыныш кен орнын игеру жобасына қатысу мәселесіне мән берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.