
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті тарапынан филиал қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпарат жарияланған еді. Атап айтқанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылуға техникалық шарттар беру кезінде филиал тұтынушылардан заңнамада көзделмеген қосымша талаптар қойып, құжаттар талап еткен. Бұл әрекеттер тұтынушылардың құқықтарын және заң нормаларын бұзу ретінде танылды.
Қазір Қызылорда облысы бойынша комитет департаменті мен филиал арасындағы сот процестері аяқталып, филиалдың кінәсі дәлелденді. Әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленіп, мемлекет бюджетін толықтырды.