Спорт • Бүгін, 17:15

Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абылайхан Жұбаназар  әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

Фото: ҰОК

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы белдесуінде Бразилия өкілі Габриэль Фалькаоға қарсы татамиге шыққан. Жұбаназар қарсыласына қарсы тиімді әдіс қолданып, екі мәрте «юко» ұпайын еншілеген. Осы нәтижемен белдесуді өз пайдасына аяқтап, келесі кезеңге өтті.

Ширек финалға шығу үшін Абылайхан Жұбаназар енді ресейлік балуан Тимур Арбузовпен белдеседі.