«Таза Қазақстан» • Кеше

Маңғыстауда биыл 31 мыңнан астам ағаш отырғызылады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту үшін «Жасыл Даму» АҚ арқылы екі инвестициялық жоба қолға алынған. Көгалдандыру бағытында 31 568 түп ағаш отырғызу жоспарланып, оның 45%-ы орындалған, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда биыл 31 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Фото: gov.kz

Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекеновтің айтуынша аймақта  «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылған.

«Биыл экологиялық науқанға облыс бойынша 25 мыңнан астам тұрғын қатысып, 4200 түп ағаш отырғызылды. Іс-шара барысында 448 техника жұмылдырылып, жалпы көлемі 3540 тонна тұрмыстық және құрылыс қалдықтары шығарылды. Сондай-ақ, азаматтардың экологияға қатысты шағымдары мен ұсыныстары «Tazaqazaqstan.kz» платформасы арқылы тұрақты түрде қабылданып, уақытылы жауаптар берілуде»,  деді Сәбит Дүйсекенов.

854854854858

Өткен жылы ғарыштық мониторинг нәтижесінде 68 қоқыс алаңы анықталып, оның 64-і жойылған.  «Кіші Оймашы» көлінің маңында 540 тонна қоқыс шығарылып, тазалық жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары дайындық кезеңінде. 2025-2027 жылдары 400 гектар аумаққа сексеуіл көшеттері отырғызылады деп жоспарланған.

 Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті