құр
Құрылыс • 05 Желтоқсан, 2025
Семейде 25 мың орындық стадионның құрылысы басталды
Семей – футболдың отаны. Олай дейтініміз, 1913-1914 жылдары Семей қаласында алғашқы футбол клубы пайда болды. «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және семнинаристердің «Ярыш» студенттік клубы құрылды. Футбол сол кездегі Орталық Азия мен Сібір сауда орталығының бірі саналған Семейге Англия саудагерлерімен келген дейді тарихи деректер. Осы «Жарыс» ФК құрамында әйгілі жазушы жазушы Мұхтар Әуезов өнер көрсеткен. Енді міне бір ғасырдан кейін сол жерге үлкен футбол стадионы салынатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Заманауи зауыт жылына жетпіс мың тонна жеміс өңдейді
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өңдеу технологияларымен жабдықталған жаңа зауыт – бәсекеге қабілетті өнім өндіруге және отандық аграрлық-өнеркәсіптік кешенді (АӨК) одан әрі нығайтуға ықпал етеді, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 05 Желтоқсан, 2025
Семейде 25 мың адамға арналған стадионның құрылысы басталды
Семей қаласында жаңа «Smart City» ықшамауданында 25 мың көрерменге арналған заманауи стадионның құрылысы басталды. Стадион құрылысы 2 жылдан кейін аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда құрылысшы лифт шахтасына құлап қаза тапты
Қайғылы жағдай 4 қараша күні Мұнайлы ауданындағы құрылыс нысанында болған. Жұмысшы кранмен құм толы науаны жоғарғы қабатқа көтеріп, түсіріп болған соң қауіпсіздік орнынан алыстап кеткен сәтте тепе‑теңдігін жоғалтып, лифт шахтасына құлаған. Оқиға орнына шамамен 20-30 минуттан соң жедел жәрдем келгенімен, 20 жастағы жігіт алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Желтоқсан, 2025
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 77 мектеп салынды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толығып жатыр. Қор қаражаты мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу мен жаңа білім беру ұйымдарын салуға жұмсалып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 03 Желтоқсан, 2025
Атыраудағы ірі құрылыс жобаларының тұсаукесері желтоқсанда өтеді
«Техол» компаниялар тобы Атырау қаласын жаңғыртуға бағытталған бірнеше ауқымды жобаның тұжырымдамасын жуырда көпшілікке таныстырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Шымкентте рұқсатсыз салынған бір тойхана жабылды
Шымкентте құзырлы органдар «Shinar» тойханасын жауып тастады. Оған себеп тойхана иесі құрылыс талаптарын өрескел бұзған. Заң ережесінің сақталмағандығын қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізу барысында анықтаған. Аталған салтанат сарайы Шымкентке қарасты Сайрам тұрғын алабы, М.Жалил көшесі бойында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері 7,9 млрд теңге жымқырған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Qyran» тұрғын үй кешенінен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлерін тексеріп жатыр. Алаяқтық нәтижесінде азаматтар мен компанияға жалпы 7,9 млрд теңге шығын келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Қараша, 2025
Астаналық студенттер өкпе обырын ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты
Жақында Парижде өткен халықаралық «iGEM» байқауында Nazarbayev University студенттерінің командасы синтетикалық биология саласындағы алтын медаль мен «Best Entrepreneurship» арнайы жүлдесін жеңіп алып, әлемнің ең үздік жас биоинженерлері қатарына қосылды. Байқауда дүниежүзінің әр түкпірінен келген 7 мыңнан астам қатысушы мен 420-дан аса команда бақ сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2025
XXV жазғы Сурдлимпия ойындарын Қазақстан неше медальмен аяқтады?
26 қарашада Жапонияның бас шаһары Токиода XXV жазғы Сурдлимпия ойындары мәресіне жетті. Оған қатысқан ұлттық құрама 8 алтын, 4 күміс, 13 қола, барлығы 25 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 27 Қараша, 2025
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданында натрий цианидін өндіретін зауыт құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Қараша, 2025
Көптен күткен жаңалық: Қызылорда – Жезқазған автожолы ашылды
Қызылорда облысында Қызылорда – Жезқазған автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының негізгі жұмыстары аяқталып, қозғалыс ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 26 Қараша, 2025
Жамбыл облысында бу-газ электр стансасы салынып жатыр
Жамбыл облысында жалпы қуаты 50 мвт құрайтын бу-газ электр стансасы салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 26 Қараша, 2025
Петропавлда бей-берекет құрылыс тоқтамай тұр
Петропавлда құрылыспен айналысатын кәсіпкер А.Беспалов қала орталығындағы «Назарбаев» көшесінде көп қабатты үйдің құрылысын жақын қоныстанған тұрғындардың қарсылықтарына, жобалық-сметалық құжаттарының бекітілмегеніне, техникалық бақылаудың болмауына қарамастан бастап кетіп, бірнеше қабатын көтеріп қойған деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 26 Қараша, 2025
Сейсмикалық қауіпті аймақтарда құрылыс талабы күшейтіледі
Бүгін Мәжіліс Мемлекет басшысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманы жүйелеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленген жаңа Құрылыс кодексін және оның ілеспе түзетулерін екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Қараша, 2025
Мектептерде ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы құрылып жатыр
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаевпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Қараша, 2025
Астанада 11 медициналық мекеме ашылады
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қалада салынып жатқан медициналық мекемелердің құрылыс барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Жаһандық жарыс: Еліміз тоғызқұмалақтан 30 медаль еншіледі
Алматыдағы «Зенит» спорт орталығында биыл екінші рет ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары (U-15, U-17 – классика онлайн/офлайн, рапид, блиц) арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Оған 21 елден келген 180-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
«Таланттар фабрикасы» саналатын Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа футбол академиясының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысып, бұл жобаның өңір спорты үшін маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 24 Қараша, 2025
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
Қазақстандық хоккейшілер Бейжіңде өткен Азия чемпионатында өздерінің чемпиондық атағын қорғап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 23 Қараша, 2025
Панфиловке баратын жол жаңарды
Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан халымен кездесуінде мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
Астанада құрылыс алаңында үш жұмысшы биіктіктен құлап кетті
Астанада бес қабатты үйдің құрылыс алаңында үш жұмысшы құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қараша, 2025
«Қазсушар» РМК Азия су кеңесінің құрамына енді
Вьетнамда Азия су кеңесінің (AWC) XXIII Басқарма отырысы өтті. Су ресурстары саласындағы 26 елден 176 ұйымды біріктіретін AWC құрамына «Қазсушар» РМК қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 20 Қараша, 2025
УЕФА рейтингі: Қазақстан құрамасы Фарер аралдарын озып, 115-орынға тұрақтады
Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу матчтары аясында Бельгия мен Фарер аралдарына қарсы өткізген ойындарынан кейін УЕФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 18 Қараша, 2025
Ерекше жаңалық: отандық ғалымдар бірегей табысқа қол жеткізді
Қазақстандық зерттеушілер қаратақтатасты кендерден ванадий электролитін алудың жаңа технологиясын жасады, бұл елімізге энергия сақтау жүйелерінің маңызды компонентін өз күшімен өндіру мүмкіндігін ашты, деп жазады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Фарер аралдарына қарсы шығатын негізгі құрам белгілі болды
Қазақстан Ұлттық құрамасы 2025 жылғы соңғы матчқа арналған бастапқы құрамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Қараша, 2025
Футбол академиясының құрылысы басталды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев футбол академиясының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысып, бұл жобаның өңір спорты үшін маңызын атап өтті, деп хабарлады Egemen.kz.
Құрылыс • 15 Қараша, 2025
Қайтарылған активтер: Балқаш әуежайын жөндеуге 945 млн теңге бөлінді
Балқаш әуежайын реконструкциялауға қайтарылған активтер есебінен 945 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 13 Қараша, 2025
Балабақша ғимаратын сапасыз салған: Құрылыс компанияларының жауапсыздығы тыйылар емес
Қазақстанда жаңа Құрылыс кодексі мен құрылыс саласын реттейтін заңдарға өзгерістер енгізу жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Қазан айының басында түзетулер жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды. Жаңашылдықтар елде мемлекеттік бақылау шараларын күшейтуді және қала құрылысы жоспарлауын жетілдіруді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 13 Қараша, 2025
Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуінде сенсациялық жеңіске жетті
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U19) Еуро-2026 чемпионатының іріктеу кезеңін жарқын жеңіспен бастады. Алғашқы ойында Кекер шәкірттері Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.