Фото: Ашық дереккөз
Айта кетерлігі, халықаралық ұйымдар қаза тапқандардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар екенін алға тартып отыр. Алайда ЦАХАЛ өкілдері бұл көрсеткіштің ішінде 25 мыңға жуық ХАМАС содыры бар екенін мәлімдеді.
Израиль атысты тоқтату режиміне қарамастан Газаға шабуылын жалғастырып жатыр
Халықаралық ұйымдардың есебі бойынша, Газада 450-ге жуық палестиналық аштықтан көз жұмған. Алайда Израиль Қорғаныс армиясы бұл деректерді теріске шығарып, бірде-бір дені сау адам қайтыс болмағанын мәлімдеді. Бұл ретте ЦАХАЛ өкілдері 2025 жылдың шілде-тамыз айларында азық-түлік дағдарысы болғанын мойындады.
Германия үкіметі Газа секторында жараланған балаларды қабылдаудан бас тартты