Тексеру барысында «Bastion» тұрғын үй кешенінің құрылысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органдардың келісімінсіз және рұқсатсыз жүргізіліп жатқаны анықталды.
Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді
«Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, әуеайлаққа жақын аймақтарда және белгіленген күзет аумағы радиусында көпқабатты ғимараттарды салуға рұқсат етілмейді. Осы аймақта салынып жатқан барлық нысан тиісті келісім алуға міндетті. Мұндай құжатсыз біз құрылысты тоқтатамыз, қажет болған жағдайда сүріледі», деді Бейбіт Шаханов.
Сондай-ақ «Dream City Tech» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында құрылыс салушының қасбетті келісімсіз қаптай бастағаны белгілі болды.
Қала әкімінің орынбасары «Шығыс қақпасы» полиорталығындағы барлық құрылыс нысанының сәулеттік келбеті бекітілген бірыңғай тұжырымдамаға қатаң сай болуға тиіс екенін қадап айтты.
Бұл заңбұзушылықтарға байланысты аталған нысандарда барлық құрылыс жұмысын міндетті келісім мен рұқсат алынғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылданды.