Фото: gov.kz
Қазір ҚТӨ тізілімі цифрлық жүйесіне 4 995-тен астам кәсіпорын тіркелген. Жалпы жүйеге тіркелу бойынша 10 377 өтініш түскен.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша:
• ҚТӨ тізіліміне 2 332 өтініш бойынша 519 субъект енгізілген;
• Бұл ретте 2 290 өтініш бойынша 396 субъекттің өтініші қабылданбаған.
Отандық тауар өндірушілер сертификат алу кезінде кедергіге тап болып отыр
Сонымен қатар, министрлік тарапынан «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ға толықтай өз өнімін өндіретін 4 389 кәсіпорын туралы мәліметтер жолданды.
Ал индустриялық сертификаттар негізінде бұған дейін өз мәртебесін растаған 1 924 кәсіпорын автоматты түрде ҚТӨ тізіліміне енгізілген.
Дүкен сөрелерінің 50 пайызын отандық тауарлар құрайды
«ҚТӨ тізілімін енгізу арқылы деректерді біріктіру, «жалған өндірушілерді» анықтау, ашықтықты арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге болады. ҚТӨ тізіліміне енгізу механизмі өтінішті ақпараттық жүйе арқылы беру, деректердің дұрыстығын тексеру, өндірісті бағалау және қатысушылардың өндірістік қызметінің адалдығын бақылау сынды 4 негізгі бөлімнен тұрады», делінген министрлік хабарламасында.
Отандық тауар өндірушілерге табиғи монополия субъектілерін сатып алуда басымдық беріледі