аз
Білім • 15 Мамыр, 2025
Педагогтерге арналған республикалық байқау басталады
1 маусымнан бастап "Педагогикалық идеялар панорамасы-2025" республикалық байқауына өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2025
Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 5 бірдей медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Мамыр, 2025
Бразилияда автобустар Димаштың суретімен безендірілді
Еліміздің мақтанышы, әнші Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай бразилиялық фан-клуб «Dimash on the Road» акциясын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2025
Грузия қазақстандықтарға шекарадан өтуге неге шектеу қойды
Соңғы уақытта Грузия шекарасынан қазақстандық азаматтарды кері қайтару жиілеген. Бұл жағдайға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Үлкен Нарын ауданында екі жұмысшы қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданында су құбыры жарылған жерде апатты-қалпына келтіру және жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып кеткен. Салдарынан «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері – 1983 жылы туған дәнекерлеуші Ержан Айтпаев пен слесарь 1970 жылы туған Сергей Кастерин қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 14 Мамыр, 2025
Қазақстан Гарвард университетімен бірлескен бастамаларды іске асырады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Нұрлан Жақыповты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 14 Мамыр, 2025
Қазақстан-Армения ынтымақтастығы нығая түседі
Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонян ресми сапармен елімізге келіп, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кездесті. Жоғары мәртебелі мейманды Мәжіліс үйінде қарсы алған спикер бұл сапарды Оңтүстік Кавказдағы сенімді әріптеспен арадағы қарым-қатынасты тереңдетудің айғағы деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Қазақстанда отбасыларды кешенді қолдау моделі қалыптасқан
15 мамыр Халықаралық отбасы күні. Ал Қазақстанда Отбасы күні жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтетіні мәлім. Ұлттық статистика деректеріне сәйкес, 2024 жылы ел бойынша 123,6 мың неке тіркелген (2023 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға көп), ал соңғы 5 жылда ажырасу саны 48%-ға азайған. Бұл – отбасылық құндылықтардың нығайып келе жатқанын және азаматтардың болашаққа деген сенімін білдіретін оң көрсеткіштер, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 14 Мамыр, 2025
Атыраулық қаламгерлер Қазақстанның құрметті жазушысы атанды
Бүгін Атырауда «Жұмысшы мамандығы және Қазақстан жазушыларының шығармалары» тақырыбымен Қазақстан Жазушылар одағының көшпелі пленумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Өмір сапасы жағынан көш бастап тұрмыз
Қазақстан Орталық Азияда өмір сүру сапасы жөнінен жетекші орында тұр. Бұл туралы беделді CEOWORLD Magazine басылымында жарияланған Human Progress Index (HPI) – Адам даму индексі бойынша зерттеу нәтижелерінде айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Мамыр, 2025
Артем Андропов Азия додасында күміс еншіледі
Ауыр атлетикадан сары құрлық бәсекесі – Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 14 Мамыр, 2025
Ашхабадта климаттық өзгеріс талқыланды
Түрікменстан астанасы Ашхабадта Орталық Азия елдерінің климаттың өзгеруіне қарсы күреске бағытталған жетінші өңірлік конференциясы өтіп жатыр. «ОАҚӨК-2025» деп аталатын бұл ауқымды жиын аймақтағы экологиялық қауіптер үдеп, жаһандық температура рекордтары жаңарып жатқан тұста ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Таразда мәслихат депутаты соққыға жығылды
Әлеуметтік желіде Таразда Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевтің аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полицейлер ұрып-соғу фактісін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Қазақстанда жыл басынан бері туу көрсеткіші төмендеді
Қазақстанда 2024 жылдың алғашқы тоқсанында бала туу деңгейі соңғы он жылдан астам уақыттағы ең төменгі көрсеткішке түсіп, елдің барлық өңірінде айтарлықтай төмендеу тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 13 Мамыр, 2025
Биыл «Таза Қазақстан» жобасы аясында 405 іс-шара өткізілді
Атап айтсақ, «Таза қала», «Таза аймақ», «Таза жағалау», «Қалаға ағаш», «Мөлдір бұлақ», Халықаралық құстар күні, «Жер сағаты» және басқа да акциялар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Мамыр, 2025
«Қытай – Орталық Азия» Білім министрлерінің алғашқы кеңесі өтті
Үрімші қаласында Қытай Халық Республикасы мен Орталық Азия елдерінің білім министрлері, тиісті ведомстволар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен өткен кеңеске ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Ашхабадта Орталық Азия конференциясы басталды
Түрікменстанның Ашхабад қаласында Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі Орталық Азия конференциясы басталды. 13-15 мамыр аралығында өтетін халықаралық іс-шарада Орталық Азияда аймақтық және ұлттық деңгейде қабылданған шаралар арқылы жаһандық климаттық қаржыландыруға қол жеткізу жолдары кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Мамыр, 2025
Биылғы жазда күн райы қандай болады
Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жаз айларына арналған ауа райы болжамын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Мамыр, 2025
Қазақстандық оқушылар Менделеев олимпиадасында 11 медаль жеңіп алды
Бразилияның Белу-Оризонти қаласында өткен 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар топ жарды. 40 елден жиналған үздік жас химиктер арасында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, барлығы 11 медаль иеленді. Осылайша оқушылар АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропаның мықты құрамаларын басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 13 Мамыр, 2025
LuLu Group Қазақстанда логистикалық хаб ашуға ниетті
Біріккен Араб Әмірліктерінің тақ мұрагерінің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында ірі халықаралық сауда желісінің бірі – LuLu Group International компаниясымен қазақстандық тараптың стратегиялық кездесуі өтті. ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров LuLu компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Юсуф Әли Мусалиам Виттил Абдул Кадермен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
СҚО-да тұрғындардан бірнеше мылтық тәркіленді
Қазір облыс тұрғындарынан тіркелмеген отты қаруларды сатып алу акциясы жүргізілуде. Кейбір тұрғындар қолдарындағы қаруларын өз еркімен тапсырып, сыйақы алуды дұрыс санаса, басқалары оларды жасыруға тырысатыны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 13 Мамыр, 2025
Ұлттық өнім өндірушілер қолдауды қажет етеді
Бір топ Мәжіліс депутаты отандық тауар өндірушіге мемлекеттік қолдау көрсету форматын реттейтін республикалық заңнамаға бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізу бойынша бастама көтерді. Заң жобасы Үкімет қарауына жіберілді. Бірақ оның ең маңызды тұстары мақұлданбай қалама деген күдік бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Биыл 15 мыңға жуық мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың еңбекке араласуын қолдау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп келеді. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің әртүрлі шараларымен 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылған. Жалпы бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар 108,9 мың адам жұмысқа орналасқан, бұл барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 28,9%-ын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 12 Мамыр, 2025
Жетісу облысында тұрғындардың 70 пайыздан астамы газбен қамтылады
2030 жылға дейінгі «Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасы аясында аймақтағы 358 елді мекеннің 192-сіне табиғи отын жеткізу көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2025
«Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумының жабылу салтанаты өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумының жабылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Мамыр, 2025
Қазақстанда ең жоғары еңбекақы қай салаларда тіркелді
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы Қазақстандағы жұмысшылардың еңбекақысы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2025
Елімізде су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ірі жобалар іске қосылады
Су тапшылығы мен тасқын – мыңдаған ауыл тұрғынына қауіп төндіреді. Үкімет бұл мәселені шешу үшін 2027 жылға дейін 25 ауқымды жобаны қолға алып отыр. Жаңа су қоймалары салынып, тозығы жеткен инфрақұрылым қайта жаңғыртылады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 12 Мамыр, 2025
22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионаты басталды
Шри-Ланка астанасы Коломбода 12-24 мамыр күндері 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы барлық салмақта толық құрамда бақ сынайды. 2 аптаға жалғасатын сары құрлық бәсекесінде 23 елдің спортшылары жүлдеге таласады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2025
«Ақорда» резиденциясында екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның келіссөздері аяқталғаннан кейін екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.