
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Бағдарлама шеңберінде елді мекендерде су құбыры желілерін тарту, реконструкциялау және кеңейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ұзындығы 8,5 мың шақырымнан асатын желілер жаңартылып, жаңа нысандар іске қосылуда. Сонымен қатар, ірі қалаларда су тазарту құрылыстары жаңартылып, кейбірі толық аяқталған.
«Астана қаласында құны 118 млрд теңге болатын су сорғы-фильтр стансасы салынып, магистралдық су құбыры қайта жаңғыртылды. Атырауда 17 млрд теңге сомаға сүзгі стансасын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды және Қостанай мен Көкшетауда су тазарту құрылыстарын жаңғырту аяқталуға жақын», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Жобалар халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақтылығын арттыру және инфрақұрылымды жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатыр.