
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл Мария Мудряктың Қытайға бесінші гастрольдік сапары. Бұған дейін ол осы туындыда Сюзаннаның партиясын орындаған болса, енді алғаш рет күрделі әрі эмоцияға толы графиня Альмавиваның бейнесін сахналайды. Бұл рөл әйел болмысының нәзік сезімдері мен ішкі күресін жеткізетін драмалық кейіпкер ретінде опера туындысының маңызын арттырады.
Мария Мудряк Қазақстанда дүниеге келген, өнер жолын ерте бастаған талант. 10 жасынан бастап Италияда вокалдан білім алып, атақты Ла Скала театрының балалар хорында ән салған. Кейін Милан қаласындағы Джузеппе Верди атындағы консерваторияны үздік аяқтап, бүгінде әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүр. Ол қазіргі таңда әлемдегі ең үздік он сопраноның бірі ретінде мойындалған.
«Әншінің Қытайға сапары — оның халықаралық мансабындағы тағы бір маңызды қадам. Бұл гатрольдік сапарда қытайлық көрермен өнерпаздың қайталанбас зор дауысы мен актерлік шеберлігін тамашалай алады», делінген хабарламада.