аз
Саясат • 11 Маусым, 2025
Қазақстан-Словакия байланысы нығаяды
Мемлекет басшысы Словакия Премьер-министрімен кеңейтілген құрамда жүргізілген келіссөз барысында Словакияны Қазақстанның Еуропадағы маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 11 Маусым, 2025
Қазақстанда рақымшылық туралы заң қабылданды
Мәжіліс «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қабылдады. Құжат Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді және қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Маусым, 2025
Абай облысында оқушыларға арналған кәсіби бағдарлау лагерьлері ашылды
Аталған аймақтағы колледждер базасында 10 жазғы лагерь іске қосылған. Онда оқушылар түрлі кәсіби бағыттар бойынша алғашқы практикалық тәжірибе алып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 11 Маусым, 2025
«Қазпошта» АҚ-на жаңа басшы келді
«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып Бекежан Жәкеев тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымды 2022 жылдың қазан айынан бері Әсел Жанасова атқарып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Маусым, 2025
Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы ресми сапармен келеді
16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Маусым, 2025
Нысана көздеуден Әлем кубогі кезеңінде сайысатын спортшылар
Байрақты дода – Германияның Мюнхен қаласында өтеді, оған Қазақстан құрамасы қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2025
ШҚО-да суару каналы тазартылды
Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде жалпы ұзындығы 55 шақырым суару каналын тазартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 10 Маусым, 2025
Тазалық табалдырықтан басталады
Астана ғаламдық мөлшер мерзімінде алсақ аз уақытта елдің басты ордасы болуымен қатар жаһандық жиын, мәдени майдан ошағына айналды. Сондықтан Қазақстанның келбеттік көрсеткішінің таза әрі жайлы болуы – мүдделі меже. Бас шаһар бұл тұрғыда қанатын қомдап, қарқынын үдетіп келеді. Алғашқы оң нәтижелер тайға таңба басқандай айқындалып, елорда тазалығы әлемдік рейтингтер ретіне іліге бастады. Мәселен, бұған дейін «The Telegraph» басылымы әлемдегі экологиялық ең таза қалалардың тізімін тізбектегенде Астана озық отыздың қатарынан табылды. Мұндай биік белестер қарапайым қадамдар мен жұмысшы мамандардың маңдай терімен байланысып жатқаны сөзсіз.
Өнер • 10 Маусым, 2025
Қазақстанда Беларусь мәдениетінің күндерін өткізу ұсынылды
Бүгін, 10 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 10 Маусым, 2025
Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Маусым, 2025
Пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ
Пауэрлифтингтің классикалық және арнайы киім киіп көтеру деген екі түрі бар. Бұл спорт түрі олимпиадалық ойындардың тізіміне әлі енгізілмегенімен, Халықаралық Олимпиада Комитеті ұйымдастыратын Дүниежүзілік ойындарда ұсынылған. Аталған спорт түрі бойынша жыл сайын әлем чемпионаттары өтіп тұрады, оны Халықаралық пауэрлифтинг федерациясы ұйымдастырады. Пауэрлифтингтен ересектер арасындағы Тәуелсіз Қазақстанның спорт тарихында алғашқы Әлем чемпионы Алексей Сивоконь екені белгілі. Ал Әлем чемпионатында топ жарған алғашқы қазақ Абдулкарим Қараман туралы біреу білсе, біреу білмейді.
Үкімет • 10 Маусым, 2025
Өндірістегі қауіпсіздік цифрлық жүйелер арқылы күшейтіледі
Қазақстандағы жетекші өнеркәсіптік компаниялар – «Qarmet» АҚ мен «Қазмырыш» АҚ өндірістік қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи цифрлық технологияларды енгізуді жоспарлар отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 10 Маусым, 2025
«Таза аула» конкурсының жеңімпаздары анықталды
Қонаев қаласында жаз бойы әр апта сайын «Aspan fest» ән фестивалі ұйымдастырылады. Жақында фестивальдің алғашқы концерті өтті, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 09 Маусым, 2025
Президент «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына белсене қатысқаны үшін Румен Радевке және болгар кәсіпкерлеріне алғыс айтты. Мемлекет басшысы аталған іс-шара екі елдің экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ипотека • 09 Маусым, 2025
Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі төмендетілді
Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме қайта қаралды. Енді ол жылдық 20 пайыздан аспауы тиіс — бұған дейін бұл шек 25 пайыз болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Маусым, 2025
Ұлттар лигасының финалдық ойыны кезінде жанкүйер қаза тапты
Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында Ұлттар Лигасының финалдық ойыны барысында қайғылы оқиға орын алды. Испания мен Португалия құрамаларының кездесуінде бір жанкүйер биіктігі шамамен сегіз метр болатын жоғарғы ярустан баспасөз секторына құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Румен Радев БАҚ өкілдері алдында сөз сөйледі
Қазақстан Президенті ең алдымен, шақыруын қабыл алып, Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келгені үшін Румен Радевке шынайы ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Маусым, 2025
Қазақстан - Болгария арасында 5 меморандумға қол қойылды
Алдымен екі ел Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентімен келіссөз жүргізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Болгария Президентін Ақордада қарсы алды
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Маусым, 2025
«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы жарияланды
«Астана Тазалық» ЖШС БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жариялады. Жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды. «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен Астана күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2025
Астана су қоймасы 55 жылда алғаш рет тазартылып жатыр
1970 жылы пайдалануға берілген Астана су қоймасының түбін шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 08 Маусым, 2025
Азық-түлік корпорациясы бидай экспортына субсидия төлей бастады
Елімізде бидайды алыс нарықтарға тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу басталды. Бұл мақсатқа биыл 40 млрд теңгеге дейін бағытталатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Маусым, 2025
Гимнастар қола жүлде жеңіп алды
Оңтүстік Кореяда спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 5 маусымда басталды. Қазақстанның ерлер құрамасы командалық көпсайыста қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Қазақстан мен Қытай бірлескен тасымал жүйесін құрады
4 маусымда Алматыда «Қытай (Шаньдун) – Қазақстан» сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі конференция өтті. Екі елдің билік, бизнес және инвестициялық құрылым өкілдері қатысқан іс-шара барысында Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Қытай делегациясының басшысы – Шаньдун провинциясы губернаторының орынбасары Сун Цзюньцзимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды
Мемлекеттік қолдау шараларының, диқандар мен жергілікті әкімшіліктің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстанда биыл егіс дер кезінде жүргізіліп, толық аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 06 Маусым, 2025
Бас мүфти құрбан айт намазын жүргізіп, уағыз айтты
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық Бас мешітте айт намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты, деп хабаралайды Egemen.kz ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Ғылым • 05 Маусым, 2025
Ғалымдар Қазақстан мен Орталық Азиядағы биологиялық ортаны қорғау мәселелерін талқылады
Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде адамдардың зиянды әрекеттері салдарынан жойылып кету қаупі төніп отырған жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау өзекті мәселе екенін ерекше атап өтіп, Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру қажеттігін мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 05 Маусым, 2025
Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікке арналған форум өтті
2025 жылдың 5 маусымында, Экологтар күніне орай, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы «Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық форум өткізді.
Спорт • 05 Маусым, 2025
Балуан полицейлер Азия додасында жеңіске жетті
Иорданияның Амман қаласында өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатында Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.