Заң • Кеше

Қызылордада тазалық тәртібін бұзғандарға 60 млн теңгеден астам айыппұл салынды  

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда полицейлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 7700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартты, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордада тазалық тәртібін бұзғандарға 60 млн теңгеден астам айыппұл салынды  

Абаттандыру қағидаларын бұзған 4641 дерек, ал ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 3115 құқық бұзушылық тіркеліп, 60 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Іс-шара барысында 23 мобильді топ құрылып, 4378 рейд жүргізілді. Нәтижесінде облыс көлемінде 504 заңсыз қоқыс тастау орны анықталыпты. Көпқабатты үйлер ауласындағы, сондай-ақ қала маңындағы кейбір аудандарда бей-берекет тасталған қоқыстар экологиялық жағдайға кері әсерін тигізіп отыр.

Полицейлер әлеуметтік желілердегі осы мәселені көтерген жарияланымдарды бақылап, өз құзыреті аясында тиісті шаралар қабылдайды.