Ақ
Оқиға • 15 Қыркүйек, 2025
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған экс-шенеунік Түркиядан экстрадицияланды
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқан Қазақстан азаматы 7 жылдық іздеуден кейін Түркиядан елге жеткізілді. Ол ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырып, билігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2025
Автожолдардың төлем тәртібі өзгереді
Көлік жүргізушілері бұдан былай сапасыз жолға ақы төлемейді. Көлік министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем тәртібі жаңартылды. Қазір елімізде 27 ақылы учаске жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 15 Қыркүйек, 2025
Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы көш бастады
Ливерпульде World boxing алғаш рет ұйымдастырған әлем чемпионаты мәресіне жетті. 4-14 қыркүйек аралығында өткен жаһан додасын қазақстандық былғары қолғап шеберлері жалпыкомандалық есепте 1-орынмен түйіндеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Қыркүйек, 2025
Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады
Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Саясат • 13 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Гонконгтың авиациялық билігі арасында келіссөздер өтті
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық бағыттар бойынша ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2025
«Хабар» телеарнасы «Шеберлер шайқасы» жобасын іске қосады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл шешім ел дамуының негізгі тірегі болып отырған еңбек адамдарына көрсетілген зор құрметтің белгісі саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 15 жастағы балуан жаттығудан кейін қайтыс болды
Қазақстанда 15 жастағы балуан жаттығудан кейін көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтөбеде жаттығу кезінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 12 Қыркүйек, 2025
Президент Жолдауында аталған қаланың келешегі талқыланды
Бүгін Алматының әкімі Дархан Сатыбалды қаланың активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған міндеттердің орындалу барысын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 12 Қыркүйек, 2025
Ақтаудың прокуроры жанжалдан кейін уақытша қызметінен шеттетілді
Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Абдиров қызметтік тергеуге байланысты уақытша қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 12 Қыркүйек, 2025
Азат Перуашев: Әлеуметтік-экономикалық серпіліс пен саяси реформалар – Жолдаудың басты ерекшелігі
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған бастамалар қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Әсіресе әлеуметтік-экономикалық реформалар, цифрландыру және саяси жүйедегі өзгерістер ерекше назарда. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Egemen.kz-ке сұхбат беріп, Жолдаудың ерекшелігі, жасанды интеллект министрлігін құру идеясы және инвестицияларға қатысты ұсыныстар туралы өз пікірін білдірді.
Ауа райы • 12 Қыркүйек, 2025
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Қыркүйек, 2025
Ауыл тұрғындары сапалы медицинаға қол жеткізе бастады
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы жөнінде мәлімдеді. Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр және ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Қазақстан тарихының екінші томы баспаға жіберілді
Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2025
Елімізде жыл басынан бері 70 мыңнан астам неке қиылған
2025 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстанда 77 951 неке рәсімделіп, 226 803 бала өмірге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 12 Қыркүйек, 2025
Ақтауда XII Азаматтық форум өтті
Бүгін Ақтауда «Заң мен тәртіп – қоғамның тұтастығы: Құқықтық сауаттылықтағы ҮЕҰ-дың рөлі» тақырыбында XII Азаматтық форум ұйымдастырылды. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Жанаргүл Әлжанова, Қазақстанның Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева, республикалық және өңірлік ҮЕҰ өкілдері, мәслихат депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Қыркүйек, 2025
Қазақстандағы ұлттық реттеу жүйесін ДДСҰ сарапшылары бағалайды
Қазақстанға келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) делегациясы елдің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымын реттеу жүйесіне кешенді талдау жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 12 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионаты: Бүгін 6 қазақстандық шаршы алаңға шығады
Бүгін, 12 қыркүйек Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
Абай облысында мектеп директоры «Даму бала» арқылы қаржы жымқырған
Абай облысында балалар шығармашылығы мен спорттық секцияларға бөлінген мемлекеттік қаржыны жымқыру ісіне нүкте қойылды. «SAMGAU өнер&спорт мектебі» ЖШС директоры 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
«КазАзот» зауыты жаңа жобасын таныстырды
Ақтаудағы «КазАзот» зауыты «KazAzot Prime» аммиак-карбамид кешенінің құрылысы жөніндегі жобаны таныстырды. Жаңа өндіріс Қазақстандағы ең ірі химия кешендерінің біріне айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
Шымкентте 73 тұрғын қаруды рұқсатсыз сақтағаны үшін жауапқа тартылды
Шымкентте өткен «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері қару иелерінің тұрғылықты жерлерін тексеріп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 11 Қыркүйек, 2025
Бейнебақылау камерасын сындырып, қосымша жаза арқалады
Қызылордада бейнебақылау камерасын сындырған сотталғанға қосымша жаза тағайындалды. Сот Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғанға қатысты осындай үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Қыркүйек, 2025
Димаш пен қытайлық телеарна бірлесе бастаған халықаралық жобаның түсірілімі басталды
Түркістан облысында Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды. Жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғыз Республикасы, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әншілері қатысуда, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Қыркүйек, 2025
449 талапкер «Қазақстан халқына» қорының білім гранты иегері атанды
Қазақстандық жастардың бір бөлігі биыл «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен тегін білім алу құқығына ие болды. Қордың «Білім беру гранттары» бағдарламасы аясында 2025–2026 оқу жылына арналған гранттар бөлініп, қаржыландыру көлемі Қамқоршылық кеңестің 2025 жылғы 24 шілдеде өткен №24 шешімімен бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Жаңақорғанда кешіктірілген жалақы мәселесі шешімін тапты
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 1847 жұмысшының жалақысы уақытылы төленбеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
Украиналық босқынды өлтірген күдіктіге өлім жазасы сұралды
Солтүстік Каролинадағы Шарлотта қаласында Декарлос Браун 23 жастағы украиналық босқын Ирина Заруцкаяны пойыз ішінде пышақтап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz New York Post басылымына сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде «Жас бүркіт» клубының мүшелері марапатталды
Ақтөбеде өткен «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып жүлделі орын иеленген Ұлттық ұлан әскерінің «Жас бүркіт» клубының тәрбиеленушілері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйене отырып.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
Тіс емдеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға шектеу қойылды
Қазақстанда тіс емдеуге арналған зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша өтініштер қабылдау тоқтатылады. Шектеу 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 10 Қыркүйек, 2025
Депутат Сорбұлақ мәселесін Үкімет деңгейінде шешуді талап етті
Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Алматы облысындағы Сорбұлақ кәріз суы жиналатын көлінің мәселесін Үкіметтің ерекше бақылауына алуды сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Авиациялық хабты дамыту: ҚазМұнайГаз-Аэро Ақтөбеде инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті
Ақтөбе әуежайында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚеншілес компаниясы – ҚМГ-Аэро жаңа отын құю кешенін салу жобасын іске асыра бастады. Жобаның бірінші кезеңінде инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2025
Қазақстан Таланттылардың әлемдік рейтингінде 34 орынға ие болды
Бүгін IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы IMD 2025 Таланттылардың әлемдік рейтингінің (IMD World Talent Ranking 2025) нәтижелерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.