3 желтоқсаннан бастау алған жобаның мақсаты қала тұрғындарын қазақша сөйлеуге ынталандыру.
Таксиде жүру тегін жүзеге асады. Жол бойы жүргізуші қазақ тілінде сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге шағын сыйлық береді.
Такси қызметі күн сайын 17:00–19:00 аралығында жұмыс істейді. Себебі бұл уақытта қалада такси қызметі тапшы.
Ұйымдастырушылар жобаның танымалдығы артатынына сенеді. Қызметке жазылу үшін WhatsApp арқылы 8-747-938-48-27 нөміріне хабарласқан жөн.
Қарағанды облысы