Фото: istockphoto.com
Қайғылы жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Пайдаланушылардың бірі бұл оқиғаға қатысты:
«Әрбір ұшақта алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігер болуы тиіс», деп пікір білдірді.
Алдын ала болжам бойынша, жолаушының қайтыс болуына оның созылмалы ауруы себеп болған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы тексеріліп жатыр, сараптама нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Еске салсақ, бірнеше күн бұрын SCAT әуе компаниясының Ақтөбеден Алматыға бет алған ұшағы жолаушының жағдайының нашарлауына байланысты кері оралған еді. Өкінішке қарай, әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.