Қоғам • Бүгін, 13:23

Ақтау мен Атырау әуежайларында рейстер кешігіп жатыр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақтау және Атырау қалаларынан ұшып шығуды жоспарлап отырған жолаушыларға рейстердің кешігетіні туралы хабарлама келді, деп жазады Egemen.kz.

Ақтау мен Атырау әуежайларында рейстер кешігіп жатыр

Бұл жағдайға өңірлердегі жайсыз ауа райы себеп болғаны нақтыланады.

– Air Astana әуекомпаниялар тобының атынан Ақтау және Атырауға ұшатын рейстердің ауа райының бұзылуына және Ақтау, Атырауға ұшатын ұшақтарда мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын атқару мүмкін болмай жатқанына байланысты кешігіп жатқанын хабарлаймыз, – делінген аталған әуе компания хабарламасында.

Жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейске қатысты ақпаратты ресми сайттан немесе мобильді қолданбадан қарау ұсынылады.