рт
Спорт • 26 Тамыз, 2025
Дмитрий Панарин — Cameron International Challenge 2025 турнирінің күміс жүлдегері!
Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Камерунда өткен беделді халықаралық турнир — Cameron International Challenge 2025 жарысында ерлер арасындағы жекелей сында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Тамыз, 2025
Astana 2025 World Boccia Challenger: Қазақстан құрамасы жекелей финалда бес медаль жеңіп алды
25 тамыз күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан Astana 2025 World Boccia Challenger турнирінің жекелей финалдық кездесулері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 26 Тамыз, 2025
Жамбыл облысында 200 келіден астам есірткі тәркіленді
Жамбыл облысында 200 келіден астам марихуана тәркіленді. Полицейлер екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 26 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Тамыз, 2025
Президент 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Қытайға ресми сапармен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі • 25 Тамыз, 2025
Қазақстанға 770 келі есірткі алып кірмек болған екі шетел азаматы сотталды
Екі шетел азаматы 770 келі героинді елге әкелмек болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 25 Тамыз, 2025
Президент Денсаулық сақтау министрін қабылдады
Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Тамыз, 2025
Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңі өтеді
Турнир 29-31 тамыз аралығында «Шабыт» жазғы амфитеатр маңында арнайы дайындалған трассаларда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Тамыз, 2025
Ресейдің төрт өңірінде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
Якутия аумағында орман өрттері 8,4 мың гектардан астам жерді шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен министр Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 25 Тамыз, 2025
Шымкенттегі үш ауысымды оқыту мәселесі шешімін тапты
Жаңа оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкент қаласындағы бірнеше білім беру мекемелерінде болып, олардың жұмысымен танысты. Сапар барысында министр мектептердің қауіпсіздігі, педагогтермен қамтылуы, оқушыларды тамақтандыру жүйесі және заманауи инфрақұрылымның дамуы сияқты негізгі мәселелерге ерекше көңіл бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 25 Тамыз, 2025
Жарты жылда сауда көлемі 8,6%-ға, инвестиция 37%-ға артты
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында сауда саласын дамыту және еліміздің экспорттық әлеуетін күшейту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде аталды. Президент отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау сияқты нақты міндеттер қойғаны мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 25 Тамыз, 2025
Экспорттаушыларды қолдау көлемі кеңейді
Президенттің тапсырмасы бойынша шикізаттық емес экспортты кеңейту және әртараптандыру мақсатында «бір терезе» қағидаты аясында барлық қаржылай құралдарды ұсынатын Экспорттық-кредиттік агенттік құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 25 Тамыз, 2025
Елімізде күріштің жаңа сорты шығарылды
«Сыр сұлуы» деп аталатын күріш сортын Қызылорда облысында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты сынақтан өткізіп жатыр. Жаңа сорттың ерекшелігі 105-110 күн ішінде пісіп-жетіліп, суды аз қажет етеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Тамыз, 2025
«Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылды
Алматы облысында, дәлірегі Алматы қаласынан 40 шақырым жерде әйгілі испандық клубтың академиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Тамыз, 2025
АҚШ-тағы әйгілі жанартау қайта атқылай бастады
Гавайи аралындағы әлемге әйгілі Килауэа жанартауы қайтадан атқылай бастады. Лаваның биіктігі 30 метрден асып, сейсмикалық толқындар тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Тамыз, 2025
Роналду голдар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты
«Әл-Наср» клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду тарихта алғаш рет төрт түрлі клуб пен ұлттық құрама сапында 100 голдан соққан футболшы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.
Спорт • 24 Тамыз, 2025
Арсен Жұма грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық Арсен Жұма грек-рим күресінен Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қазақстан-Қырғызстан Президенттері «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
Мемлекеттер басшылары Бішкек қаласындағы Қазақстан мен Қырғызстан достығы аллеясында орналасқан «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 22 Тамыз, 2025
Бектенов жол сапасына қатысты заңбұзушылықтарды сынға алды
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 22 Тамыз, 2025
Ауыл мектептерінің өкілдері Қарағандыда бас қосты
Елімізде алғаш рет қала мен ауыл мектептерін тең дамытуға бағытталған барлық отандық білім беру операторлары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ аясында бас қосты. Қарағанды облысы Осакаров ауылындағы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепке 200-ден астам мектеп басшысы келсе, онлайн форматта 4 мыңға жуық мұғалім қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 22 Тамыз, 2025
Конституцияның түпнұсқасы қайда сақталған
Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына - 30 жыл. Бұл – еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болған, саяси, әлеуметтік және құқықтық жүйенің тірегі саналатын аса маңызды тарихи құжат. Конституция күні халқымыздың бірлігі мен ел іргесінің беріктігін айшықтайтын мерекелердің бірі. Ата Заңымыздың түпнұсқасы бүгінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде сақталған. Осы орайда біз Конституцияның сақталу тәртібі туралы архив директоры Әлия Құсайынқызы Мұстафинамен сұхбаттасқан едік, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Тамыз, 2025
Егіс алқаптарын әртараптандыру қарқыны күшейді
Президенттің ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі еселеу жөніндегі тапсырмасын орындауға арналған Жол картасы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарын әртараптандыру шараларын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 22 Тамыз, 2025
Еліміздегі 4 қаланың әуежайы мультимодальды орталықтарға айналады
Авиациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның көлік саясатындағы басымдықтарының бірі. Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарға сәйкес еліміздің жетекші әуежайлары – Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе – логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынатын заманауи мультимодальды орталықтар ретінде дамып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 21 Тамыз, 2025
Қазақстанның энергия компаниялары кірістерінің тек 7% жаңғыртуға жұмсады
«Энергокомпанияларддың кірістері қайда кетеді» деген айтыла-айтыла сарытіс болып кеткен сауалға агенттік бір-ақ ауыз сөзбен жауап береді. Табыстың 7 пайызы жаңғыртуға жұмсалып келген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Тамыз, 2025
Президент Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 21 Тамыз, 2025
138 мың оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 163 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары аяқталады. Жаңартылған және толықтай қайта жабдықталған мектептерде 138 мыңнан астам оқушы білім алады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Тамыз, 2025
Жәнібек Әлімханұлының басы дауға қалды
Boxingscene.com және RingTV секілді БАҚ-та қызмет ететін америкалық журналист Франсиско А. Саласар қазіргі кезде көптеген боксшылар рингте кездесудің орнына бір-бірімен әлеуметтік желілерде айтысып жүргеніне теріс көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеңіл атлетика • 20 Тамыз, 2025
Қазақстандық жеңіл атлеттер Ташкентте 4 алтын жеңіп алды
Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өткен Silk Road to Tokyo WA Continental Tour Bronze атты халықаралық жарыста жеңіл атлетикадан табысты нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.