Спорт • Кеше

Биыл 35 спорт нысаны салынған

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы және басқа да деректерді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Биыл 35 спорт нысаны салынған

Фото: Үкімет, телеграм

Биылғы жылдың 9 айында салынған 35 нысаннан бөлек, тағы 67 нысан салынып жатыр.

Халықтың спорт инфрақұрылымына қолжетімділігі 55%-дан асқан, бұл көрсеткіш 2020 жылмен (46,2%) және 2023 жылмен (52,2%) салыстырғанда өсім көрсетіп отыр.

Бүгінде ел аумағында 25 760 спорт ғимараты бар. Оның ішінде 1 298 нысан жөндеуді қажет етеді.

«Министрліктің негізгі бағыттарының бірі – спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың спортқа қолжетімділігін арттыру. Ең жоғары көрсеткіштерді Павлодар, Жамбыл, Қарағанды облыстары көрсетіп отыр. Тұжырымдамаға сәйкес бұл көрсеткішті 2029 жылы 65%-ға жеткізу міндеті тұр», деді Е.Мырзабосынов.