Бірінші сетте Швёнтек 3:0 есебімен алға шыққанымен, Рыбакина есепті теңестіруге тырысты, алайда алғашқы партия поляк спортшысының пайдасына 6:3 есебімен аяқталды.
Екінші сетте Елена өз ойынын түбегейлі өзгертіп, қарсыласын сенімді басымдықпен ұтты — 6:1.
Үшінші сетте Рыбакинаның басымдығы тіпті айқын болды — 6:0, осылайша матчты жеңіспен аяқтады.
Ойын 1 сағат 39 минутқа созылды.
Қазақстандық спортшы төрт эйс орындады (Швёнтекте – екі), үш қос қателік жіберді (қарсыласында – екі) және жеті брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды (Швёнтек үш мүмкіндіктің біреуін ғана іске асырды).
Елена Рыбакина бірінші кездесуде америкалық Аманда Анисимованы (№4) 6:3, 6:1 есебімен сенімді жеңген болатын. Ал Швёнтек өз кезегінде америкалық Мэдисон Кизді (№7) 6:1, 6:2 есебімен ұтқан еді.
Рыбакина Серена Уильямс тобында өнер көрсетіп жатыр. Келесі кездесу 4 қарашада өтеді — қазақстандық теннисші қайтадан Мэдисон Кизбен кездеседі.
Параллель топ – Штеффи Граф тобы – құрамында Арина Соболенко (№1), Кори Гауфф (№3), Джессика Пегула (№5) және Жасмин Паолини (№8) бар.
WTA финалдық турнирі – әйелдер теннисіндегі маусымның ең беделді жарыстарының бірі. 2025 жылы ол жекелей сында 54-ші, жұптық сайыста 49-шы рет өткізіліп отыр және дәстүрлі түрде теннис маусымын қорытындылайды.