Фото: svidok.info
Сала министрі Ақмола өңірінің Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы аяқталғанын атап өтті. Ал 3 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олар – Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион, Алматы облысындағы спорт кешені және Көкшетаудағы көпфункционалды кешен.
«Қазір жаңа 6 нысан бойынша өтінім жолданды. Олар – Түркістан облысы Бақыбек ауылы, Алматы облысы Шеңгелді және Заречный кенттері, Қостанай облысы Арқалық және Лисаков қалаларындағы, сондай-ақ Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешені», деді Ербол Мырзабосынов.