Ұйым мәліметінше, барлығы он бес ұлттық қауымдастық 2028 және 2029 жылдары өтетін УЕФА чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференциялар лигасы және әйелдер чемпиондар лигасының финалдарын өткізуге ниет білдірген.
Қазақстан УЕФА Конференциялар лигасының финалын 2028 және 2029 жылдары өткізуге қызығушылық танытты. Ұсынылған нұсқалар қатарында Астанадағы «Астана Арена» мен Алматыдағы «Алматы Арена» стадиондары бар. Қай қала мен нысан таңдалатыны өтінім тапсырылған кезде нақты шешіледі.
«УЕФА 2028 және 2029 жылдары өтетін клубтық турнирлердің финалдарын өткізуге қызығушылық білдірген 15 ұлттық қауымдастықтан өтініштер алғанын растайды. Бұл өтініштер міндетті сипатқа ие емес, ал нақты ұсыныстар 2026 жылғы 10 маусымға дейін құжаттармен бірге ұсынылуы тиіс», – делінген ұйым хабарламасында.
Финал өткізуді жоспарлап отырған елдер мен қалалар:
2028 жылғы УЕФА чемпиондар лигасы финалы:
Германия – Мюнхен («Арена Мюнхен»).
2029 жылғы финал:
Англия – Лондон («Уэмбли»),
Испания – Барселона («Камп Ноу»).
2028 жылғы УЕФА Еуропа лигасы финалы:
Франция – Лион-Десен («Парк Олимпик Лион») немесе Париж («Парк-де-Пренс»);
Италия – Турин («Ювентус Стэдиум»);
Румыния – Бухарест («Арена Националэ»);
Сербия – Белград («Национальный»).
2029 жылғы финал:
Франция – Лион-Десен немесе Париж;
Италия – Турин;
Румыния – Бухарест;
Сербия – Белград;
Түркия – Анкара («Анкара Ондокуз Майыс»).
2028 жылғы УЕФА Конференциялар лигасы финалы:
Франция – Лилль («Пьер Моруа»);
Венгрия – Будапешт («Пушкаш Арена»);
Италия – Турин («Ювентус Стэдиум»);
Қазақстан – Астана («Астана Арена») немесе Алматы («Алматы Арена»);
Польша – Гданьск («Арена Гданьск»).
2029 жылғы финал:
Финляндия – Хельсинки («Олимпиястадион»);
Франция – Лилль;
Венгрия – Будапешт;
Италия – Турин;
Қазақстан – Астана немесе Алматы;
Польша – Гданьск.
2028 жылғы әйелдер арасындағы УЕФА чемпиондар лигасы финалы:
Франция – Лион-Десен («Парк Олимпик Лион»);
Испания – Бильбао («Сан-Мамес»);
Швейцария – Базель («Санкт-Якоб Парк»);
Түркия – Ыстанбұл («Али Сами Йен»).
2029 жылғы финал:
Франция – Лион-Десен;
Ирландия – Дублин («Дублин Арена»);
Швейцария – Базель;
Уэльс – Кардифф («Национальный стадион Уэльса»).
УЕФА клубтық турнирлерінің сегіз финалының иелері 2026 жылдың қыркүйегінде анықталады.