Спорт • Кеше

Ел спортшылары бочча турнирінде 13 медаль жеңіп алды

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біздің параспортшылар Ақтауда түркітілдес елдер арасында өтіп жатқан боччадан халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Ел спортшылары бочча турнирінде 13 медаль жеңіп алды

Турнир Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркиядан келген параспортшыларды біріктіріп, түркі әлемі елдері арасындағы достықты, инклюзияны және мәдени байланысты нығайту алаңына айналды.

«Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы 2025» бағдарламасы аясында 25-31 қазан аралығында жалауын желбіреткен спорт додасының серіктесі «Кселл» АҚ (activ брендімен) ұлттық ұялы байланыс операторы болды.

«Біз үшін жергілікті activ брендінің турнир серіктесі болуы ерекше маңызды. Ұлттық брендтің қолдауы бұл оқиғаға айырықша мән береді. activ байланыс операторы сияқты, мұндай бастамалар физикалық мүмкіндіктерге қарамастан барлығымызды біріктірді», дейді Маңғыстау облысы Бочча федерациясының атқарушы директоры Қарлығаш Әлмұхамбетова.

Серіктестік аясында компания іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, қатысушыларға фирмалық кәдесыйлар мен сыйлықтар ұсынды.

мм

«Біз адамның мүмкіндігін басқа қырынан ашатын, осылайша көпшілікті шабыттандыратын оқиғаны қолдағанымызды мақтан тұтамыз. activ бренді – адамдар, мәдениет және тұрақты алға ұмтылуды білдіреді. Осындай бастамалар арқылы бірігуді және кемелденуге ұмтылатын мықты және ашық Қазақстан идеясын қолдаймыз», деп түсіндірді «Кселл» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жамбакин.

Халықаралық бочча турнирі Halyk Arena алаңында өтті және халықаралық мәртебеге ие. Ол паралимпиадалық спортты дамытуға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және қоғамдағы инклюзивті құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған.

Турнир қорытындысы бойынша Әзербайжан командасынан кейін Қазақстан командасы 2-орында тұр. Спортшыларымыз 2 алтын, 8 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Үшінші орынды Өзбекстаннан келген команда еншіледі. Тағы бір қазақстандық команда жоғары дайындық пен командалық рухтың биік деңгейін көрсете отырып, 4-орынға ие болды.

Айта кетейік, бочча – өзара үйлесімділікті, стратегиялық ойлауды және бірігуді дамытатын паралимпиадалық спорт түрі. 2025 жылғы турнирге түркітілдес бес елден 80-нен астам спортшы қатысты.

ии