Фото: Облыс әкімдігі
Өнімнің басты ерекшеліктері – су өткізбейтіндігі, жоғары температура мен қысымға төзімділігі.
Аталған өндірістің іске қосылуы – елдің қауіпсіздігі мен технологиялық дербестігін нығайтуға, сондай-ақ өңір мен ұлттық экономиканың тұрақты дамуына үлес қосады.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, компания 2024 жылы құрылған. Негізгі бағыты – әлеуметтік, әскери және коммерциялық нысандарда, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінде кеңінен қолданылатын жоғары технологиялық өрт сөндіру жеңдерін өндіру.
«Өңір басшылығы тарапынан бізге қолдау көрсетілді. Соның нәтижесінде индустриялық аймақтан 1 гектар жер бөлінді. Қазір біз тесттік кезеңде жұмысты бастап кеттік. Кәсіпорын толық қуаттылыққа шыққаннан кейін индустриялық аймақта жеке ғимарат салып, өндірістік жабдықтар санын арттыруды жоспарлап отырмыз», деді компания басшысы Асқар Абдрахманов.