ЕС
Заң • 14 Шілде, 2025
Лудоманиямен күрес: Бірыңғай есепке алу жүйесі деген не
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген подкастта Бірыңғай есепке алу жүйесін енгізу мәселесі көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Несие • 12 Шілде, 2025
Жұбайының келісімінсіз алынған несие жойылуы мүмкін
Елімізде банктер мен микроқаржы ұйымдары жұбайының келісімінсіз рәсімделген тұтынушылық несиелерді немесе микрокредиттерді жоюға міндетті болады. Егер мұндай қарыз отбасы мүддесі үшін алынбағаны дәлелденсе, қаржы ұйымы несие келісімшартын жарамсыз деп тануға тиіс. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
Қызылордада қаржы жымқырған бас есепші қамалды
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Шілде, 2025
Түркі дүниесіне ортақ музей кеңістігі құрылады
Түркітілдес елдер енді тарихи-мәдени нысандарға ортақ бір куәлікпен кіре алады. Бұл бастама Түркияда іске асырылады – мұнда «Түркі музей картасы» әзірленіп жатыр. Жоба Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының туризмге жауапты министрлерінің Х отырысында жан-жақты талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 11 Шілде, 2025
Азия бәсекесінде қазақ балуандары екі алтын еншіледі
Грек-рим күресінен жастар арасында Бішкек (Қырғызстан) қаласында 9-10 шілдеде Азия чемпионаты өтті. Қазақ балуандары төрт медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Шілде, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 11 Шілде, 2025
«Қаңтар оқиғасына» қатысы бар күдікті Дубайда ұсталды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан А.Жұмагелдиевтің («Дикий Арман» деген лақап атпен танымал болған) қылмыстық тобының сыбайласын экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 11 Шілде, 2025
Нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ерекше іс-шара өтті
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен есірткіге қарсы шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Шілде, 2025
Ауыл әкімдерінің корпусы 100 пайыз жаңартылды - Ерлан Қарин
Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар мемлекеттік басқару жүйесіне тың серпін беріп отыр. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Шілде, 2025
Екібастұзда той автокортежі тәртіп бұзған
Өңір полициясы ереже бұзғандарды жол тәртібін қадағалау кезінде бейнебақылау камералары арқылы анықтаған. «Стелла-Қала» автожолындағы кортеж өзге жүргізушілерге де кедергі келтірген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Шілде, 2025
Министрлік суды үнемдеудің тиімді тәсілдерін ұсынды
Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 адамдық бір отбасы жылына 35 мың литр суды үнемдеуге үндейтін нұсқаулық әзірледі, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Шілде, 2025
Атырау облысында лотос фестивалі өтеді
Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «Лотос фестивалі – 2025» атты мәдени-туристік іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр. Фестиваль 26 шілдеде басталады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
СҚО-да 22 ірі инвестициялық агрожоба іске асырылады
Аталған жобаларға 17 млрд теңге инвестиция құйылған. Өңір әкімінің мәліметінше, жоспарланған нысандардың ішінде 7 мың бас ірі қара малға арналған жылына 47 мың тонна литр сүт құрайтын 11 сүт-тауар фермасы бар, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Шілде, 2025
Мәдени мұраны сақтаудың жапондық үлгісі
Климаттың өзгеруі, жер сілкінісі мен ылғалдылық – ғасырлар бойы сақталған тарихи ескерткіштер үшін бүгінгі таңда басты сын-қатерлердің бірі саналады. Әсіресе, ағаш немесе балшық негізінде тұрғызылған көне құрылымдар табиғи құбылыстарға аса сезімтал келеді. Осыны ескерген Жапония сынды елдер мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдеріне көше бастады.
Әлем • 08 Шілде, 2025
Бір тәулікте 100-ден астам палестиналық қаза тапты
Соңғы бір тәулік ішінде Израиль армиясының әуе соққылары салдарынан Газа секторында 100 -ден астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Қаржы • 07 Шілде, 2025
Қазақстанда онлайн несие рәсімдеуге жаңа шектеулер енгізіледі
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік және микроқаржылық қызмет саласына қатысты бақылауды күшейтетін жаңа қаулы жобасын дайындады. Жоба қазіргі уақытта ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында қоғамдық талқылауға шығарылған. Бұл туралы Egemen.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Есірткі • 07 Шілде, 2025
ІІМ 35 мың «мефедрон» дозасының таралуына жол бермеді
Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты бойынша жүргізілген арнайы операция нәтижесінде Қарасай ауданының «Тұрар бақшасы» елдімекенінде жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 04 Шілде, 2025
Ұлытау облысында респиратор шығаратын зауыт ашылды
Ұлытау облысында бірнеше инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Респиратор шығаратын зауыттың ашылуы соның бір нәтижесі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 03 Шілде, 2025
Қызылордада бір айда есірткі өсірудің 21 дерегі анықталды
Ел көлемінде 1 маусымнан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Депутаттар Түркістан облысының шаруаларымен жүздесті
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Нұрсұлтан Байтілесов, Темір Қырықбаев бүгін Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының шалғай елді мекендерінде ашылған жаңа шаруашылық кешендерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Хамит Ерғалиев ауылына қауіпсіз өткел керек
Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ақжол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында Исатай ауданына қарасты Хамит Ерғалиев ауылы тұрғындарымен жүздесті. Кездесудегі ең өзекті мәселе «Атырау-Астрахань» автожолы бойындағы жаңадан салынған көпір туралы болды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 03 Шілде, 2025
Биыл Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл толады
2025 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 25 жылдығына орай 35-десанттық-шабуылдау бригадасының базасында салтанатты шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Шілде, 2025
Tasqyn жүйесі биыл 10 өңірде су тасқыны жағдайын болжаған
Tasqyn ақпараттық жүйесі биыл 14 наурыз бен 18 сәуір аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, яғни 10 облыс бойынша су тасқыны жағдайын болжап, модельдеді. Бұл ретте жүйе Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы нақты су басқан 16 елді мекеннің 9-ына алдын ала болжам жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Шілде, 2025
Алматы облысында 20 мың халқы бар ауыл таза суға қол жеткізе алмай отыр – Мәжіліс депутаты
Алматы маңындағы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында ауызсу мәселесі көп жылдан бері шешілмей келеді. Мәжіліс депутаттары Максим Рожин мен Данияр Қасқарауов өңірге жұмыс сапары аясында ауыл тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Шілде, 2025
Сәтбаевта 50 жыл ауыспаған жылу желілері күрделі жөндеуден өтеді
Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл 50 жылдан бері ауыспаған магистральдық жылу желілері толық күрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Шілде, 2025
Ерболат балуанды еске алу шарасы өтті
Қазақтың талай апайтөс балуандары шыққан киелі Ақсуат жерінде тағы да бір дүбірлі дода өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Руанда Президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамены Руанда Республикасының тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хоккей • 01 Шілде, 2025
Ресейлік хоккей клубы таратылды
Құрлықтың хоккей лигасы (ҚХЛ) тағы бір командаға кеміді. 1996 жылы Мәскеудің іргесіндегі Балашика қаласында іргетасы қаланған «Витязь» клубы таратылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 01 Шілде, 2025
Тарифті инвестицияға айырбастау қаншалықты тиімді
Энергетика саласының тұрақты дамуына арналған бірқатар жобалар елімізде кеңінен жүзеге асып жатыр. Тұрғындарды сапалы энергия көзімен қамтамасыз ету үшін Үкімет «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Маусым, 2025
Петропавлда Үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті
Петропавл қаласында «Заманауи үнмен үндескен дауыс: азаматтық қоғам және ұлттық құндылықтар» ұранымен Үкіметтік емес ұйымдардың XII облыстық азаматтық форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.