
Фото: Polisia.kz
Күдікті қаңтар айында синтетикалық есірткі саудасымен айналысатын онлайн-дүкендердің бірінде ораушы ретінде жұмысын бастап, тапсырыс бергендерге жасырын орындар арқылы есірткі таратумен айналысқан. Аталған қалада ол ақпан айында ұсталған.
Polisia.kz хабарлағандай тінту кезінде оның жалдамалы пәтерінен 200 грамнан астам мефедрон мен α-PvP есірткі заттары табылып, тәркіленіп алынған. Ал тергеу барысында жасырын қоймадан жарты келіден астам синтетикалық есірткі табылған. Бұл – жыл басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында тәркіленген ең ірі есірткі партияларының бірі болып отыр.
Осы жылдың 9 айында СҚО полицейлері заңсыз айналымнан жалпы 771 келі түрлі есірткілерді, оның ішінде 4,5 келі синтетикалық есірткі тәркілеген.