Фото: Ашық дереккөз
Жаңа ережелерге сәйкес, егер азамат Дубайдағы жылжымайтын мүліктің жалғыз иесі болса, ол инвестиция көлеміне қарамастан екі жылға тұруға рұқсат алуға өтінім беруге құқылы. Ал егер нысанның бірнеше иесі болса, әрбір иесінің үлесі кемінде 400 мың дирхамды (шамамен 109 мың доллар) құрауы тиіс.
Бұған дейін Дубайда тұруға рұқсат алу үшін сатып алынатын тұрғын үйдің ең төменгі құны 750 мың дирхамнан (204 мың доллар) кем болмауы керек болатын. Осылайша, шекті мөлшер екі есеге жуық қысқарды.
Дубайға жол ашылды: Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін толығымен ашты
Айта кетейік, Дубайдағы элиталық жылжымайтын мүлік нарығы рекордтық көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Bloomberg агенттігінің дерегінше, 2025 жылдың екінші тоқсанында жалпы құны 2,6 миллиард долларды құрайтын 143 келісімшарт жасалған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52 пайызға жоғары. Сатылған нысандардың ішінде 22 үйдің құны 25 миллион доллардан асқан.