Аймақтар • Бүгін, 12:08

Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы «Бейнеу–Ақтау» тасжолында швейцариялық саяхатшылар мінген көлік апатқа ұшырады. Күтпеген жерден аударылған көліктің ішінде екі шетел азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды

Фото: Ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына Маңғыстау облыстық ТЖД қызметкерлері жедел жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті. Саяхатшылар дене жарақатын алмағанымен, оларға көліктен шығу үшін құтқарушылардың көмегі қажет болған.

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті

Мамандар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды Бейнеу ауылына дейін шығарып салған. Қазіргі уақытта швейцариялық меймандар ауылдағы қонақүйлердің біріне орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар