Қаржы • Кеше

Несиеден қалай құтылуға болады? Мамандар жолын айтты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Дулат Мыңбаев дерегінше Қазақстанда несие жүктемесін өтей алмай жүрген азаматтар саны бір жарым миллионнан асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Несиеден қалай құтылуға болады? Мамандар жолын айтты

Мамандардың дерегінше, тек Астананың өзінде қарызын 90 күннен бері төлемеген тұрғындар саны 116 мыңға жуықтаған. Биыл сол борышкерлердің шамамен үштен бірі арнайы оқыту курстарына қатысып, қаржылық сауаттылық негіздерін меңгермек.

Жоба аясында қаржыгерлер мен заңгерлер халыққа қарызды басқару жолдарын, банкроттық рәсімдеу тәртібін және несиелік тәуекелдерден сақтану тәсілдерін түсіндіреді.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері 16 мыңнан астам адам дәріс тыңдап үлгерген. Олардың басым бөлігі жеке банкроттықты рәсімдеу жөнінде нақты кеңес алған.

Жобаның нәтижесінде 10 мыңға жуық азамат өз мәселесін сотқа жеткізбей банкроттық рәсімін бастаған. Ал 500-ден астам адамның ісі қазір сот арқылы қаралуда.

Мамандардың айтуынша, халықтың қаржылық сауатын арттыру – несиелік дағдарысты азайтудың ең тиімді жолы.