Елорда • Бүгін, 15:20

Астанада Т.Рысқұлов көшесінің жаңа бөлігі ашылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Т.Рысқұлов көшесінің Мәңгілік Ел даңғылынан Нұра өзеніне дейінгі учаскесі ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Астанада Т.Рысқұлов көшесінің жаңа бөлігі ашылды

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бұл учаскеде ауқымды жол құрылыс жұмыстары жүргізілген. Көше жарықтандырылып, бағдаршам нысандары және жол қозғалысын реттеуге қажетті барлық белгі орнатылған.  Қазір тротуарларды абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр.

Қала әкімдігі уческенің ашылуы көлік қозғалысының жылдамдығын айтарлықтай арттырып, қалалық магистральдердің жүктемесін азайтатынына сенім білдіріп отыр.