ана
Оқиға • 20 Мамыр, 2025
Қостанай облысындағы жол апатынан 6 адам қаза тапты
Бүгін, 20 мамыр күні таңертең «Алматы — Екатеринбург» тас жолының бойында, «Қайрақ» шекаралық бақылау бекетінен шамамен екі шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмыс • 20 Мамыр, 2025
Қостанайда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Қостанай қаласының орталық алаңында өткен жәрмеңкеге биыл университет, колледж бітіретін мыңнан аса студент жастар келді. Іс-шараға жүзге тарта жұмыс беруші қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар да бар.
Қаржы • 19 Мамыр, 2025
Ең жоғарғы жылдық инфляция Астана қаласында тіркелді
2025 жылыдың сәуір айында Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеп 10,7 % (наурызда – 10,0%) болды. Осылайша жылдық инфляция қарқыны еліміздің 18 өңірінде байқалады. 1 өңірде баяулап, тағы 1 өңірде бұрынғы деңгейде сақталды, деп хабарлайды iEgemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Елімізде қала сыртындағы жолдарда апат 8 пайызға азайған
Ішкі істер министрлігі жол апаттарында зардап шеккендердің саны төмендегенін мәлімдеп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 18 Мамыр, 2025
Абай облысында аурухана іргетасы қаланды
Медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, халықтың денсаулығын жақсарту – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені Мемлекет басшысының әр Жолдауында айтылып келеді. Осы ретте Абай елінің көптен көкейінде жүрген облыстық аурухана салу мәселесін шешілетін болды.
Қоғам • 18 Мамыр, 2025
Қостанай облысында жыл басынан бері 300-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді
Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Өңірде жол апаты салдарынан 10 адам қаза тауып, шамамен 500 адам түрлі жарақат алған. Осыған орай, полиция қызметкерлері жол үстіндегі бақылау шараларын күшейтті.
Денсаулық • 18 Мамыр, 2025
Астанада төрт ай ішінде АИТВ инфекциясын 130 адам жұқтырды
Әлемде жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өтеді. Биыл бұл күн 18 мамырға сәйкес келіп отыр.
Құрылыс • 17 Мамыр, 2025
Алдағы екі жылда Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады
Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі осы нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр.
Елорда • 16 Мамыр, 2025
Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірнеше көше жабылды
Елордада бірқатар көшеде құрылыс және жөндеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қала әкімдігіне қарасты басқарма кейбір жол учаскелері уақытша жабылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 16 Мамыр, 2025
Павлодарда қалалық перзентхана жабылады
Санитарлық тексеріс нәтижесі бойынша перзентхана ғимараты апатты деп танылған. Емдеу мекемесі толығымен облыстық перинаталдық орталыққа көшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Мамыр, 2025
Елімізде қандай спорттық нысандар салынып жатыр
Туризм және спорт министрлігі осы жылғы спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан негізгі жобаларды жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Әйел әлемі • 16 Мамыр, 2025
Астанада репродуктивті денсаулық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті
15 мамырда Астанада Репродуктивті денсаулық апталығы аясында дәрігерлер, сала мамандары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері мен журналистердің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Мәдениет • 15 Мамыр, 2025
Түркістанда «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» халықаралық симпозиумы өтті
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, түркі жұртының да сүйікті жазушысына айналған рухани тұлға, көркем сөздің хас шебері, көсемсөзде көшбастаған Мархабат Байғұттың туғанына - 80 жыл. Жазушының мерейтойы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында кең көлемде аталып өтіп жатыр. Мерейтой аясында жыл басынан бері түрлі мазмұнды мәдени-әдеби іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін осындай шаралар легі «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атауымен Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 15 Мамыр, 2025
Астанада отандық өндірушілердің көрмесі өтеді
Ертең, 16 мамырда, Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің дәстүрлі VIII «Ulttyq ónim» көрмесі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 14 Мамыр, 2025
Ақтөбелік кітапхана халықаралық байқаудың жүлдесін жеңіп алды
Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Мәскеудегі Маргарита Рудомино атындағы бүкілресейлік шетел әдебиеті кітапханасы ұйымдастырған «Премия Рудомино» халықаралық байқауында «Достастық елдерінің үздік халықаралық жобасы» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Мамыр, 2025
Ақжайық ауданында «Ана мен отбасы – тәрбиенің тұғырлы тірегі» атты форум өтті. Оған Батыс Қазақстан облысына танымал, қоғамның әр саласында жүрген ардақты аналар жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 14 Мамыр, 2025
Ірі көлемде қаржы жымқырған экс-депутат пен кәсіпкер сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты экс-мəслихат депутаты Алёна Беленцева мен кәсіпкер Дамир Мергенбаевқа қатысты үкім шығарды. Олар аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған,деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Мамыр, 2025
Энергетика министрлігі 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларындағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс қорытындыларын жариялады. Ресми дерекке сүйенсек, биылғы төрт айда елімізде 6,092 миллион тонна мұнай өңделген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артық көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2025
Астанада 70 адам 17 миллион теңгеге жалған тур сатып алған
Астанада алаяқ Вьетнамға арзан тур ұйымдастырамын деп уәде беріп, тұрғындардың 17 миллион теңгесін жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Жылда жөнделетін көшелер тиімсіз жоспарлаудың көрінісі ме?
Елорданың күн сайын өсіп, дамып жатқаны қуантады. Алайда қала тұрғындарының өмірінде әлі күнге дейін шешілмеген өзекті мәселенің бірі – жол жөндеу жұмыстары. Жыл сайын қайталанатын жөндеу, аяқталмайтын асфальттау мен қайта қазылған көшелер – бұл астаналық жүргізушілердің жүйкесін жұқартатын жағдайға айналды.
Медицина • 13 Мамыр, 2025
Шұғыл медицинаны дамытудың тұжырымдамалары талқыланды
Елордада Еуразиялық шұғыл медицина қоғамдастығының III съезі шеңберінде «Шұғыл медицинаны дамытудың заманауи тұжырымдамалары мен перспективалары» атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Оған ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2025
Астанада киберспорттан халықаралық турнир өтіп жатыр
Елордада 10 мамырда басталған «COUNTER-STRIKE 2 – PGL Astana 2025» ірі халықаралық турнирі 18 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
Астана – Щучинск тасжолында электрондық табло орнатылды
Астана – Щучинск автожолының төрт негізгі учаскесінде: Шортанды, Ақкөл, Алакөл және Қаражар аудандарында жол қауіпсіздігіне байланысты ақпарат беретін заманауи электрондық таблолар орнатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Әлем көшбасшылары Астана халықаралық форумында бас қосады
29–30 мамырда Астана қаласы тағы да жаһандық пікір алмасу мен ынтымақтастықтың маңызды орталығына айналады. Астана халықаралық форумы (AIF) — әлем көшбасшыларын, халықаралық ұйымдар мен ірі компания өкілдерін жинап, ең өзекті жаһандық мәселелерді талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2025
Астанада халықаралық ат спорты жарыстары өтеді
2025 жылдың 30 мамыры мен 1 маусымы аралығында Астана қаласындағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені базасында халықаралық деңгейдегі ірі спорттық іс-шара – конкурдан Еуразиялық Лиганың Әлем Кубогының кезеңі (FEI CSI 1*-W) және атпен мәнерлеп жүруден халықаралық турнир (FEI CDI 1*) өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Астанада Presight компаниясының өңірлік кеңсесі ашылды
Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бин Мохаммед бин Зайд Әл Нахайянның Қазақстанға ресми сапары аясында Астанада Presight компаниясының алғашқы шетелдік кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті. Жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірі саналатын Presight енді Қазақстанда да өз жобаларын жүзеге асыратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2025
Бүгін елордада пара дзюдодан әлем чемпионаты басталады
2025 жылдың 13–15 мамыр аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында пара дзюдодан әлем чемпионаты IBSA Judo World Championships Astana 2025 өтеді. Бұл төрт жылда бір ұйымдастырылатын және пара дзюдо саласындағы ең беделді халықаралық дода, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2025
Астаналық каратэшілер елге оралды
Осы айдың 8-12 күндері Германияның Лейпциг қаласында киокушинкай-кан каратэден жастар арасында әлем чемпионаты өтіп, оған 40 елден 900-ге жуық спортшы қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
«Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданның Анталияда ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 12 Мамыр, 2025
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде рухы биік, мағынасы терең іс-шара өтті. Бұл күні «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты V халықаралық бейнематериалдар байқауының жеңімпаздары марапатталды.